390
Sulpak маңындағы ағаштарды заңсыз кескен адам анықталды
Sulpak маңындағы ағаштарды заңсыз кескен адам анықталды
Алматыдағы Sulpak дүкенінің алдындағы ағаштарды кескен негізгі күдіктінің кім екені анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда аталған қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалардың кім екені анықталып жатыр. Негізгі күдікті Алматы қаласының тұрғыны. Ол іргелес өңірді абаттандыру бойынша келісімшарт жасаған жеке кәсіпкер. Осы ағашты кесу үшін он шақты қара жұмысшыны жалдаған.
Полиция департаменті аталған іс бойынша бірнеше сараптамалық зерттеу тағайындалғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, Sulpak дүкені жанындағы 13 ағаштың кесілуі алматылықтардың ашуын туғызған болатын. Алматы әкімшілігі ағаштарды кескендерге қатысты шара қолданды. Прокуратура ҚР ҚК 340 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын.