296
Нұр-Сұлтан қаласындағы карантин шаралары туралы жаңа қаулы шықты
Нұр-Сұлтан қаласындағы карантин шаралары туралы жаңа қаулы шықты
Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қаладағы шектеу мен карантин шаралары туралы жаңа қаулы жариялады.
Құжатқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге әлі рұқсат жоқ. Сонымен қатар 3 адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салынады.
65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруын шектеу жалғасады.
«Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет», – делінген бас санитарлық дәрігер қаулысында.
Нұр-Сұлтан қаласының жаңа қаулысына сәйкес, Ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда орталықтары жұмыс күндері 10.00-ден 23.00-ге дейін және сенбі күні 10.00-ден 20.00-ге дейін 30 пайыздан аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтай отырып ұйымдастырылуы тиіс.