Резерв қаражатына сатып алынған ИВЛ аппараттарының 44,6%-ы жұмыс істемейді

Резерв қаражатына сатып алынған ИВЛ аппараттарының 44,6%-ы жұмыс істемейді

Резерв қаражатына сатып алынған ИВЛ аппараттарының 44,6%-ы жұмыс істемейді
ашық дереккөзі
235
Сенатор Нұрлан Қылышбаев бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың мұндай фактісіне жол берілмейтінін айтты. Сенатор Нұрлан Қылышбаев Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында Денсаулық сақтау ұйымдары іс жүзінде Үкімет резервінің қаражаты есебінен отандық өндірушіден сатып алынған 1500 өкпені жасанды желдету аппараттарының 831-ін ғана қабылдап, пайдаланғанын хабарлады. Нұрлан Қылышбаев республикалық бюджет қаражатына, әсіресе мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындауымен байланысты, сондай-ақ Covid-19-ға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қайта қарау қажеттігін атап өтті.
"Үкімет резервінің қаражаты есебінен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық өндірушіден 1500 ӨЖЖ аппаратын сатып алған кезде, 17 өңірдің денсаулық сақтау ұйымдары іс жүзінде тек 831-ін ғана қабылдады. Қалған 669 аппарат толық жабдықталмаған", - деп атап өтті депутат.
Ол Жамбыл облысында жоспарланған 53 ӨЖЖ аппаратының ешқайсысын пайдалану мүмкін еместігін, Түркістан облысы бойынша да осындай жағдай бар екенін, барлық 58 аппарат толық жиынтықталмағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары