COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 50 миллионнан, ал індет құрбандарының саны 1,2 миллионнан асты. Джонc Хопкинс университетінің  соңғы дерегі осындай.  Университет мәліметінше, жаһан елдерінде 50 316 476 адам індет жұқтырған. Вирус, әсіресе, Еуропада өршіп тұр. Құрлықта індетке шалдығудың 12,6 миллион жағдайы тіркелген. Қатерлі вирустан 305 700 еуропалық көз жұмды. Өткен аптада әлем бойынша анықталған 3,9 миллион науқастың 2,1 миллионы - Еуропа тұрғындары. Десе де, індет жұқтырғандар саны жөнінен әлі де АҚШ  көш бастап тұр. Елде 9 961 324 адамнан коронавирус анықталды. Ал әлем бойынша екінші орында тұрған Үндістанда  8 507 754 адам вирус жұқтырса, 5 664 115 тұрғыны індетке шалдыққан Бразилия үшінші орында. Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден бүкіл Құрама штаттар аумағында маскалық режим енгізуге ниетті екенін хабарлағанбыз.