212
Америкалық компания дайындаған вакцинаның тиімділігі 94,5%-ды көрсетті
Америкалық компания дайындаған вакцинаның тиімділігі 94,5%-ды көрсетті
АҚШ-тың Moderna компаниясы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі 94,5%-ға бағаланды. Екпені клиникалық сынақтан өткізудің үшінші сатысының алдын ала нәтижелері осындай.
Сынаққа 30 мың ерікті қатысқан. Олардың 95-і коронавирус жұқтырған, бірақ індетті жеңіл немесе орташа ауыр формада өткерген.
Сынақ қорытындысы туралы жаңалық қор нарығына әсер етпей қоймады. Moderna акциялары бірден 18%-ға шарықтады.
Компания президенті Стивен Хоге тиісті рұқсат алынса, жыл соңына дейін екпенің 20 млн дозасын өрдіретіндерін мәлімдеді. Ал келесі жылы 500 млн-нан бір миллиард дозаға дейін шығару жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, жуырда АҚШ-тың Pfizer және Германияның Biotech компаниялары бірлесіп шығарған коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен сәтті өткен еді. Сынақ нәтижесінде препараттың коронавирус дертінен қорғау тиімділігі 90%-дан жоғары екені дәлелденді.
Бұл жаңалықтан кейін Pfizer компаниясының акцияларына қызығушылық өсіп, компанияның бір акциясы 38,83 долларға бағаланды. Ресми дерек бойынша, Pfizer компаниясының атқарушы бас директоры Альберт Бурла жалпы құны 5,6 млн доллар тұратын 132,5 мың акция сатып жіберген.