Коронавирусқа қарсы вакцина шығарған компания акцияларын сатып жатыр

Коронавирусқа қарсы вакцина шығарған компания акцияларын сатып жатыр

Коронавирусқа қарсы вакцина шығарған компания акцияларын сатып жатыр
ашық дереккөзі
Pfizer компаниясының бір акциясы 38,83 долларға бағаланып жатыр.  Ресми дерек бойынша, Pfizer компаниясының атқарушы бас директоры Альберт Бурла жалпы құны 5,6 млн доллар тұратын 132,5 мың акция сатып жіберген. Өйткені Германияның BioNTech компаниясымен бірлесе жасаған коронавирусқа қарсы вакцинаның сынағы сәтті өтті деген жаңалық жарияланғаннан кейін компания акциялары күрт қымбаттап кеткен. 9 қарашада бағалы қағаздардың бағасы 15%-ға өсіп, 41,94 долларға жеткен болатын. Еске сала кетсек, бұған дейін BioNTech препарат сынағының үшінші кезеңінің нәтижесін жариялады. Ол бойынша екпе вирус жұқтыру қаупін 90%-ға төмендететін көрінеді. Енді  препаратты ресми түрде тіркеу үшін тиісті құжаттарды АҚШ-қа жіберу қалды. Еуроодақ та вакцинаның 300 млн данасын сатып алмақ.