АҚШ пен Германия бірлесіп әзірлеген вакцина сынағы сәтті аяқталды

АҚШ пен Германия бірлесіп әзірлеген вакцина сынағы сәтті аяқталды

АҚШ пен Германия бірлесіп әзірлеген вакцина сынағы сәтті аяқталды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Pfizer және Германияның Biotech компаниялары бірлесіп шығарған коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен сәтті өтті.  27 шілдеде басталған сынақтың үшінші кезеңіне 6 елдің 43 мыңнан аса азаматы қатысты. Сынақ нәтижесінде препараттың коронавирус дертінен қорғау тиімділігі 90%-дан жоғары екені дәлелденді. Жаңа вакцина осы айда тіркелмек. Келесі жылы бұл вакцинаның шамамен 1 млрд 300 млн данасы шығарылады. Осы жаңалық жарияланғаннан кейін әлем нарықтарында мұнай бағасы өсті. Brent үлгісіндегі қара алтын 8%-ке қымбаттап, бір баррелінің құны 42,5 доллардан асты. Еске сала кетейік, бұған дейін Оксфорд университеті мен AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы бірлесе әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысқан еріктілердің бірі – Бразилия тұрғыны көз жұмғанын хабарлағанбыз. 28 жастағы сынақ қатысушысының қазасына коронавирустың асқынуы себеп болған. Бұл ақпаратты Бразилияда вакцина сынағының үшінші кезеңін өткізуге көмектескен Сан-Паулу Федералды университеті растады.