Көктайғақ: жолаушылар ұшағы Орал әуежайына қона алмады

Көктайғақ: жолаушылар ұшағы Орал әуежайына қона алмады

Көктайғақ: жолаушылар ұшағы Орал әуежайына қона алмады
ашық дереккөзі
Бүгін таңертең жолаушылар ұшағы Оралға көктайғақ салдарынан қона алмады. «Орал» халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Расқалиевтің айтуынша, түнде күннің суытуына байланысты ұшып-қону жолағында көктайғақ болды. Сондықтан елордадан ұшып шыққан, бортында 100 адамдай бар Air Astana ұшағын Ақтөбеге жіберуге тура келді. «Барлық тиісті жұмыстар жасалып, ұшып-қону жолағын қалпына келтірдік. Кейін аталған ұшақ Оралға келіп қонды. Қазір әуежай қалыпты жұмыс жасауда», – деді ҚазАқпарат тілшісіне Х.Расқалиев. Бортта болған жолаушылардың бірінің айтуынша, ұшақ Оралға таңертең 08.45-те қонуы керек еді. Ауа райы салдарынан Ақтөбе айналып келген ұшақ Оралға сағат 14.08 шамасында қонды.