Дін мәселелерін көтерген үздік журналистер анықталды

Бүгін Алматыда Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Дін істері жөніндегі басқармасы мен Social Development Center қоғамдық қоры ұйымдастырған байқауға қазақ және орыс тілдерінде барлығы 200-ден астам жұмыс келіп түскен.

Ұсынылған жұмыстар діни заңнама нормаларын түсіндіру, конфессияаралық келісім мен толеранттылық, деструктивті ағымдардың әсер ету қаупі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес сияқты өзекті мәселелерді қамтиды. Қазылар алқасы мәлімделген номинациялар бойынша төмендегі жеңімпаздарды іріктеп алды:

  1. «Ең үздік телевизия жанры» номинациясы бойынша – Ануарбек Өмір Серікбекұлы
  2. «Мерзімді баспасөздегі қазақ тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала» номинациясы бойынша Нұрекешев Еркебұлан Бағдатұлы
  3. «Мерзімді баспасөздегі орыс тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала»номинациясы бойынша – Елдес Дастан Бархиянұлы
  4. «Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала» номинациясы бойынша – Мұсахаев Әділет Жұратханұлы
  5. «Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала» номинациясы бойынша – ІNFORMBURO.KZ мультимедиялық ақпараттық-сараптамалық порталы
  6. «Ең белсенді блогер» номинациясы бойынша – Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы

Байқауды ұйымдастырушылар БАҚ пен блогерлердің дін саласындағы ағартушылық жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Олардың пікірінше, бұл халықтың діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және оған қарсы күреске қосқан қомақты үлес болып табылады.

Үздік материал авторларына құрмет дипломдары мен Axis спорттық велосипедтері берілді. Сондай-ақ, байқауда он ынталандыру сыйлығы табысталды.

Back to top button