434
Astana Opera жаңа қойылым ұсынады
Astana Opera жаңа қойылым ұсынады
«Астана Опера» желтоқсан айында көрерменге «Дала үні» жаңа ұлттық балетін ұсынады. Бұл театрдың осы маусымда дайындап жатқан екінші премьерасы.
«Дала үні» ұлттық балеті еліміздің мәдени өмірі үшін елеулі оқиға болмақ. Себебі бұл қойылым қазақстандық және шетелдік мамандардың тың ойларының тандемі. Қойылымда ержүрек сәулетшіге қанат бітірген арман туралы өсиет әңгіме заманауи хореография тілімен жеткізілетін болады.
Қоюшы хореограф Патрик де Бананың айтуынша, қазіргі жастар көркем ойлау қабілетінен айырылып барады. Қойылымның мақсаты – жұртшылықтың өнерге қызығушылығын ояту. Балетмейстер үшін көрерменнің шымылдық түрілгеннен кейін спектакльді көріп, қол шапалақтап, бәрін сезініп, ой толғап, өздеріне тән сюжет таба білгені маңызды.
– Адамзатқа эволюция, заманауи даму қажет, бірақ сонымен бірге бұл балет егер кімде-кім өзінің өткенін, аға буын дәстүрін ұмытқан болса, ондай адам өзінің тамырын жоғалтады дегенді көрсетеді. Ондай адам жел соққанда ұшып кетеді, – дейді Патрик де Бана.
Қойылым барысына сахна жабдықтары минималистік стильде орындалатын болады, себебі спектакльдің тұжырымдамасына сәйкес ол балет әлемінің сұлулығы мен кербездігін паш етуі тиіс.