Apple миллиард iPhone сатып, рекорд орнатты

Apple миллиард iPhone сатып, рекорд орнатты

Apple миллиард iPhone сатып, рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Apple iPhone іске қосылғаннан 13 жыл өткен соң 1 млрд құрылғыны сату арқылы әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы талдаушы Нил Сибарт Above Avalon блогына арналған материалда мәлімдеді, деп жазады Lenta.ru. «Рекордтық көрсеткішке қыркүйек айында қол жеткізілді. Сатылымға шыққаннан кейін 13 жыл өткен соң, iPhone ең танымал және сатылымы жоғары смартфон болып қала береді», – деп атап өтті Нил Сибарт. Автордың айтуынша, соңғы екі жылда iPhone сатылымы айтарлықтай өскен. Десе де, соңғы 12 айда Apple смартфондарының сатылымы шамамен 12 пайызға — 218-ден 191 бірлікке дейін төмендеген. Сондай-ақ, Нил Сибарт Android құрылғысына өткен жаңа iPhone пайдаланушыларының пайызы төмендегенін атап өтті. Еске сала кетейік, жуырда сарапшылар жаңа iPhone-ның басты кемшілігін анықтаған болатын.