Әлемде бір апта ішінде 3 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырды

Әлемде бір апта ішінде 3 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырды

Әлемде бір апта ішінде 3 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Өткен аптада әлем бойынша коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.  Ұйым дерегінше, 19-25 қазан аралығында 2,8 млн COVID-19 анықталған. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Бір апта ішінде коронавирустан 40 мыңға жуық адам көз жұмған. Вирус, әсіресе, Еуропа елдерінде өршіп барады. Індет жұқтырудың жаңа жағдайларының жартысы аталған аймақтан тіркелген. Бір апта ішінде Еуропада 1,3 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Бұл – алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 33% -ға көп. Францияда бір апта ішінде  217,7 мың адам вирус жұқтырса, Ұлыбританияда — 148,5 мың, Ресейде — 114,5 мың, Италияда — 101,9 мың, Бельгияда — 90,8 мың адамнан індет анықталды. Еске сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ Еуропа елдерін коронавируспен күресті күшейтуге шақырған болатын. Ұйым мамандарының пікірінше, құрлық елдері індетті ауыздықтауда дәрменсіздік көрсетуде.