Кітапхананы жабу кімге тиімді?

Сондай-ақ!

«Бұларың Отан үшін қауіпті!». Балғынбек Имаш әнші Қарақат пен Алтынайды сынға алды

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Түркиядан үй сатып алғанын желіде жариялап, жарнама жасаған Алтынай Жорабаева мен Қарақат Әбілдинаны сынады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. «Мен үшін...

Қазақ хандығы дәуірінің ұлы жырауына лайықты құрмет көрсеттік пе…

Мемлекетті мемлекет ететін идеология болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның талассыз негізі 15-ғасырда құрылған Қазақ хандығының идеологиясын жүргізген тұлғалардың негізгілері − ақындар. Соның бірегейі − Қазтуған...

Ұлылар естен шықпауы тиіс еді…

  Әр жылдың өзінің ерекшелігі бар, соның ішінде атақты адамдардың мерейтойларының тойлануы да өз алдына бір қызық. Өйткені көп жағдайда осындай мерейтойлар тұсында ұлы тұлғалар...

Отандық PR жөнінде онлайн декада

23-27 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен PR декада апталығы өтті. Декада...

Елордалық мәслихат депутаты Мирас Шекеновтің Нұр-Сұлтан қаласындағы кітапхана қорын цифрландыру, кітапханаларды орталықтандыру және біріктіру туралы пікірі қоғамның қызу талқысына түсті. Бір қалаға бір кітапхананың жеткілікті екенін айтқан депутат ғимарат үшін төленетін шығындарды азайту арқылы бюджет қаражатын үнемдеп, мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту саясатын жүзеге асыруға болады деген пікір білдірді.

Мемлекет басшысы биылғы кезекті Жолдауында: «Пандемия және мемлекеттік органдар қызметшілерінің көпшілігін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру шаралары мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын әрі қысқарту керектігін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сек­тор қызметкерлерін қысқартуды жеделде­туді тапсырамын» деген болатын. Президент олардың санын биыл 10 пайызға қысқартуды тапсырды. Осы орайда, Мемлекет басшы­сы­ның қысқарту туралы бастамасын рухани са­ла­дан бастауды ұсынған депутаттың кітап­ха­наларды жабу керек деген пікірі көпшілікті бейжай қалдырмады. Расында, бюджет қар­жысын үнемдеу туралы сөз қозғалса, би­лік­тегілердің рухани салаға бөлінетін қаржыны қыс­қартудан бастауы үйреншікті жағдай. Кі­тапхана экономикалық тұрғыдан көл-кө­сір пайда әкелмеуі мүмкін, алайда оның ұлт­ты, мемлекетті қалыптастыруда көзге көрін­бейтін миссиясы орасан зор екені айдан анық. Халықаралық Túrkistan газеті атал­ған тақырып бойынша сарапшылардың пі­кірін білген болатын.

Кітапхананы жабу кімге тиімді?

Гүлбадан МАДИБАЕВА, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Орталық­тан­дырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры:

Ежелгі заманнан келе жатқан кітапхана дамыған заманда неге жабылуы керек?

– Халық сенім артқан депутаттың «Кі­тап­ха­наларды жабу ке­рек» деген сөзі  осы салада ең­бек етіп жүрген барша әріп­тес­тердің көңі­ліне тиді. Әлеуметтік желіде қызу талқы­ла­нып, қо­ғам белсенділері мен зиялы қауым өкіл­дері өзінің қарсы пі­кірін білдіріп жатыр. Ежел­гі заманнан келе жатқан кітапхана да­мыған заманда неге жабылуы керек? Кітапхана – адам­заттың рухани сұранысын қанағат­тан­дыратын орта. Оның қоғамға, руханиятқа, әдеби, мәдени әлемге ешқашан зияны бол­маған. Кітапханаға бөлінген инвестиция бұл білім беру саласына, яғни қоғамның дамуына жұмсалған қаражат. Депутат айтқандай, елор­да­дағы кітапханаларды жауып, тек біреуін ғана қалдырып, оның өзін цифрлы қор ре­тін­де жасау өте үлкен еңбек пен уақытты қажет етеді.  Цифрлы кітапхана жасау үшін де алдымен қағаз кітап болуы керек. Егер кітап болмаса оны қалай цифрландырасың? Мы­салы, бір кітапты цифрландыру үшін алдымен автордың келісімі керек. Сосын ке­лі­сім­шарт жасалып, авторға қаламақы тө­ленеді. Бір автордың бірнеше кітабы бар немесе том-том кітаптар бар 300-400 беттен тұра­тын. Сондықтан кітапханаларды жабу ке­­рек деп сарт еткізіп айтпас бұрын, осы мә­се­лені біраз зерттеу керек еді.

Жасы 50-ге дейінгі оқырман цифрланған кітапты смартфоннан, гаджеттен оқи бере­ді. Ал жасы 50-ден асқан кісілер кітапты қолына алып, әр бетін парақтай отырып, иісін сезініп  оқы­ғысы келеді. Олардың сұранысын қайда қоя­мыз? Гаджеттен оқыған ақпаратыңды қа­зір ұмытып қаласың, өйткені бүгінгі заманда ақпарат толқынында керекті, керексіз мә­лімет көп.

Карантин жағдайында елордадағы кітап­ханаларға ата-аналар тарапынан кітапхананы ашу туралы көптеген өтініш түсті. Кей ата-ана баласының кітапханада отырып са­бақ оқығанын қаласа, енді бірі карантин мез­гілін пайдаланып баласына кітап оқыт­қы­сы келді. Үйінде 3-4 бала бар оқушылар кі­тап­ханаға келіп қашықтан сабақ оқып, үй тапсырмасын орындап жатады. Карантин кезінде кітапханаларға сұраныс азайды деген пікірмен келіспеймін. Оқырмандар тарапынан сұраныс жоғары, уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Кітапханалар есігін ашып, оқырман қабылдай бастаған кезде қуана келіп, 5-6 кітаптан оқуға алып жатқан жандарды көріп өзіміз де қуандық.

Кітапхана қай жағынан алып қарасаңыз да, бюджеті аз саланың бірі. Қоғамға зиян кел­тірмейтін, керісінше рухани байлығымыз­ды үстемелейтін даналық үйі. Кітапхана деген сөздің өзі санаға рух береді. Оны жабуды емес, санын көбейтіп, жұмысын жетілдіру бойын­ша қолдауды басты назарда ұстаға­ны­мыз жөн. Бүгінде кітапхана зиялы қауым өкіл­дерінің бас қосар тұрақты мекеніне айналды. Қоғам қайраткерлері, жас ақын-жазу­шылар, әр салада жұмыс істейтін кәсіп­кер­лермен кездесулер ұйымдастырылып, бук-дейтинг жобалары іске асырылып жатыр. Қарап отырсаңыз, қоғамда үлкен дәрежеге шыққан тұлғалардың барлығы кітап арқылы өскен. Сондықтан мемлекет кітапханаларды сақтап қалуға, өсуіне, дамуына қаражат бөліп, қоғамға қажетті рухани даналық орталығы ретінде жасақтауы керек.

Кітапхананы жабу кімге тиімді?

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, жазушы, филология ғылымдарының докторы:

Кітапхананы жабу туралы сөз қозғаудың өзі қоғамның шикілігін көрсетеді

– Кітапхананы жабу туралы ұсынысты ары мен ұжданы жетіп қалай айтты деген сауал тұр. Мына ел-жұрттың, ұрпақтың, ха­лық­тың көзінше соның келешегін қалай тыйып тастады? Кітаптың қадірін білмеу – ана­сының қадірін білмеу. Ал осыны мәслихат депутаты айтқан болса, ол қалай Отанының арын ойлайды? Соған таңмын.

Кітапхананы цифрландыру мәселе емес. Электронды форматқа көшіру уақыт заңды­лығы, күнделікті қажеттілік. Ал кітапхана ол мүл­дем басқа мәселе. Адамзат адамзат бол­ған­­нан бергі қолы жеткен ең ұлы нәрсе – жазу мен кітап. Бұл сол ұлы жаңалықты жоқ­­қа шығару, халыққа жария ету дүние­жү­зінің барлық парламентінде болмаған оқиға деп ойлаймын. Соны мәселе қылып алып отыруымыздың өзі біздің қоғамның шикілігінде. Маған кітапханаларды жабу керек деп ойын айтқан ректорларды да білемін. Бұл мизаялыққа бет алған қоғамның дертінің дендеуі деп есептеймін.

Кітапхананы жабу кімге тиімді?

Нартай ӘШІМ, Knowledge Engineering компаниясының директоры:

Кітапханалар мультимедиалық орталыққа айналуы тиіс

– Біздегі ұстаным бойынша кітапхана кітап­тардың әйтеуір бір жинақталған қоры ре­тінде қарастырылады. Кітаптан бөлек фото, аудио, видео контенттерге аса мән бе­ріл­мейді. Ал мына заманда бізге мүмкіндігін­ше кітаптардың барлығы цифрланып, электронды форматқа өткені керек. Кітаптар элек­тронды форматқа өтпегендіктен қазіргі оқырманның кітапханаға өзіне қажет сирек кітаптар мен ғылыми еңбекті алуға ғана барады.

Оқимын деген адамға кітапханаға байла­нып отырудың қажеті жоқ. Оқырманға ке­рек­­ті ақпаратты интернеттен табуға жағдай жасалу керек. Әсіресе, географиялық тұр­ғыдан шалғай аудандар мен алыс ауылдардағы кітапханалардың қорын дамыту идея­сын іске асыру маңызды. Елді мекеннің тарихы мен бүгінгі жағдайына қатысты дерек­терді жи­нақ­тап отыру қажет болар еді. Егер осы қыз­метті ауылдағы әрбір кітапхана жүйелі жүр­­гізсе, деректер қоры толыға түседі. Осын­дай ақпаратты жинақтау арқылы Уикипедия сынды энкциклопедиялық деректер жиналатын платформаларға ақпаратты қо­сып, жи­нақтауға болады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі заманауи кітапханалар мульти­ме­диа­лық орталыққа айналуы тиіс.

Кітапханалар студенттер мен ұстаздарға, оқытушыларға керекті кітаптарды ха­лық­ара­лық базалардан іздеудің жолдарын үйретсе, PhD ғалымдарға  ғылыми зерттеу мақа­ласын халықаралық журналдарда жариялаудың тәртіптерін көрсетсе әлдеқайда нә­тижелі болар еді.  Бүгінгі таңда плагиат пен авторлық құқық мәселесі өзекті болып отыр. Мысалы, ав­торлық құқық мәселесі цифрлы дәуірде жан-жақты өзгеріп, дамып жатыр. Міне, бү­гінгі заманауи кітапхананың қызметі осындай болуы керек.

Мойындауымыз керек, тек қана кітап қоры ретінде кітапхана қызметіне қажеттілік пен сұраныс азайып бара жатыр. Болашақта адамдар тек сирек, көне кітаптар мен қол­жаз­баларды көру үшін ғана кітапханаға баратын болады. Сондықтан кітапханаларды коуоркинг орталыққа айналдырғаннан ұтылмай­мыз. Осылайша, оқырмандарды жо­ғалтпай, керісінше санын арттыруымыз керек. Алма­тыдағы Жамбыл атындағы мемлекет­тік жа­сөспірімдер кітапханасы осыған нақты дәлел. Кітапхана бүгінде кереметтей өз­геріп, бала­лардың бас қосатын орталығына айналды. Мысалы, мен Қазақстанда ха­лық­аралық әде­биетті қайдан алып оқуға болатынын біл­меймін. Ал интернет арқылы шетел­ден кітап алуға екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Назарбаев Университетінің кітап­ханасы мықты, бірақ ондай кітапхана біреу-ақ. Тек қазақ тіліндегі кітаптардан бө­лек, Қа­зақ­стан туралы, экономика, тағы басқа салалары бойынша жарық көрген кітап­тар­ды жинақтайтын қор болуы керек.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Борсыққа жол беру үшін тоқтаған»: СҚО-да екі көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Солтүстік Қазақстан облысында джип өтіп бара жатқан борсыққа жол беру үшін тоқтаған...

Елордада құрылысы тоғыз жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

Елордада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала...

Бүгін – ҚР Тұңғыш Президенті күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Осыдан тура 29 жыл бұрын...
Джо Байден

Джо Байден аяғынан ақсады

АҚШ-тағы президент сайлауда жеңімпаз болған Демократиялық партиясының өкілі Джо Байден аяғын жарақаттап...
Намбарын Энхбаяр Назарбаев

Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)

Моңғолияның үшінші Президенті Намбарын Энхбаярдың Тұңғыш Президент күніне орай жазған “Көреген және...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...