238
Пандемия дағдарысы балалардың некелесуі мен адам саудасының өсуіне әкеледі
Пандемия дағдарысы балалардың некелесуі мен адам саудасының өсуіне әкеледі
Коронавирус пандемиясы Үндістандағы ахуалды одан әрі нашарлатқан. Қазіргі кезде індеттің салдарынан басталған дағдарыстан балалар зардап шегіп жатыр. Елде балалардың еңбегі мен ерте некелесуі көбейді, - деп хабарлайды Divya Arya BBC.
ЮНИСЕФ ұйымының дерегі бойынша жыл сайын Үндістанда 18 жасқа толмаған 1,5 миллионнан астам қыз тұрмыс құрады. Бірақ бұл - елде заңға қайшы әрекет саналады.
Childline сенім телефон желісі маусым мен шілде айларында қыздардың ерте үйленуіне байланысты апат қоңырауларының өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға өскенін хабарлады.
Мамандардың айтуынша, мектептердің жабылып, кедейлік деңгейінің өсуіне байланысты қыздарының тадырына алаңдаған ата-аналар оларды тұрмысқа беруге асыққан. Бұған той жасаудың шектелуі де біраз әсер еткен.
Елде сонымен қатар ұл балалардың жұмысқа тартылуы өскен. Жасөспірім ұлдар әке-шешесі мен отбасын асырау үшін зауыттарда жұмыс істеуге мәжбүр. Үндістанда баланы жұмысқа тарту қылмыстық іс болып саналады. Бірақ соңғы халық санағы бойынша, елдегі 260 миллион баласының 10 миллионы - жұмыс істейтін балалар.