"Томирис" Париждегі кинфестивальде гран-при жеңіп алды

"Томирис" Париждегі кинфестивальде гран-при жеңіп алды

"Томирис" Париждегі кинфестивальде гран-при жеңіп алды
ашық дереккөзі
215
«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Томирис» кинотуындысы Парижде өткен 26-шы L’Etrange Festival кинофестивалінің толықметражды фильмдер секциясында Nouveau Genre гран-приін жеңіп алды. Бұл жаңалықты әлеуметтік желіде фильмнің режиссері Ақан Сатаев сүйіншіледі. «Достар, қуанышты жаңалықты бөлісуге асықпыз! «Томирис» кинотуындысы Парижде өткен 26-шы L’Etrange Festival кинофестивалінің толықметражды фильмдер секциясында Nouveau Genre гран-приін жеңіп алды. Фестиваль серіктестерінің бірі, әлемдегі ең ірі француз тіліндегі ақылы телеарна CANAL+ біздің фильмді прайм-таймда көрсетеді» деп жазды Ақан Сатаев Instragram парақшасында. Еске сала кетейік, былтыр жарыққа шыққан кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.  

Серіктес жаңалықтары