14 Қыркүйек, 12:43 389 0 Денсаулық Арайлым Бимендиева

Кәсіпкер туған ауылына 102 млн теңге көлемінде көмек көрсетті

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы орталық аурухананың мамандандырылған жылжымалы көліктер паркі жаңа заманауи көпфункционалды реанимобильмен толықты.

Жеке кәсіпкер, халықаралық «Kusto Group» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Талғат Тұрымбаев құны 40 миллион теңгені құрайтын  жылжымалы  реанимобильді сатып алып, медициналық мекемеге сыйға тартты.

«Kusto Group» компаниясының қайырымдылық қоры бірінші кезекте халықтың осал топтарына және медицина қызметкерлеріне көмек көрсетіп келеді. Бұған дейін, жуалылық атымтай жомарт пандемия кезінде ауданға қол ұшын созған. Ол орталық ауруханаға қажетті дәрі-дәрмектер, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдарын және 30 оттегі баллонын жеткізіп берген. Сондай-ақ, кәсіпкер ауруханадағы инфекциялық бөлімге  оттегі жеткізу жүйесін  орнатуға ықпал етті. Демеуші көмегінің жалпы соммасы 102 млн теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар