Астана орманының аумағы 100 мың гектарға жеткізіледі

Астана орманының аумағы 100 мың гектарға жеткізіледі

Астана орманының аумағы 100 мың гектарға жеткізіледі
ашық дереккөзі
Қазақстанда алдағы бес жылдың ішінде орманды алқаптың көлемі ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «2030 жылға қарай елдегі орманшылық үлесі қазіргі 4,7%-дан 5%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, 5 жыл ішінде орман қорында 2,0 млрд және елді мекендерде 15 млн түп ағаш отырғызылады», - делінген хабарламада. Бұған қоса, елорданың айналасындағы жасыл белдеудің тәжірибесін бүкіл өңірлерге енгізу көзделіп отыр. Ал Астана орманы 2023 жылға қарай бүгінгі 87,8 мың гектардан 100 гектарға жеткізіледі.