Соңғы 10 жылда несие алғандар саны 7 есе өскен

Соңғы 10 жылда несие алғандар саны 7 есе өскен

Соңғы 10 жылда несие алғандар саны 7 есе өскен
ашық дереккөзі
Соңғы 10 жыл ішінде ел экономикасын несиелендіру 1,8 есе, ал тұтынушылық несие алу 7 есеге өсті. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры Қуаныш Бейсенғазин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірген болатын. Сонда: «Экономикалық кредит құрылымындағы тұтынушылық несиенің үлесі 2010 жылғы 8% болса, биыл бұл көрсеткіш 30%-ға жетті. Алдағы уақытта тұтынушылық кредиттердің саны артса, онда оны өтеу қиынға соғады. Себебі қазіргі таңда әлемдік дағдарыс салдарынан халықтың табысы төмендеді. Сондықтан ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құру кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ несиелер бойынша шекті мөлшерлемелерді есептеуге және төмендетуге ықпал ететін болады», – деді сарапшы.