Қарағандыда күн электр станциясы салынды

Қарағандыда күн электр станциясы салынды

Қарағандыда күн электр станциясы салынды
ашық дереккөзі
734
Қарағанды облысында қуаттылығы 26 МВт күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жыл сайын күн паркі шамамен 34 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарланып отыр. «Қазсолар 50» ЖШС инвесторларының жобасы KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды. Оған 62 мың фотовольтаикалық панельдер орнатылған күн паркінің құрылысы кіреді. Станцияның жалпы жобалық құны 5,6 млрд теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, инвестициялық жобаны іске асыру атмосфераға көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 24 мың тоннаға қысқартады. – Бұл жоба үздік техникалық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылды. Жоба экологиялық таза электр энергиясын өндіруге, қоршаған ортаны қорғауға және Қазақстанның ұлттық электр желісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл біздің өңірдегі үшінші жобамыз. Біздің электр станцияларымыздың жалпы қуаты 176 МВт-қа жетті, – деп атап өтті «Қазсолар 50» ЖШС Бас директоры Евгений Гребенников. Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан басқа, инвесторлар өңірдің әлеуметтік жобаларына белсенді қатысады. Сонымен қатар, 15 жыл ішінде инвесторлар білім гранттарын бөлуге және жастар жобаларын қолдауға шамамен 150 мың долар бағыттауды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары