Жапония үкіметінің басшысы қызметінен кетті

Жапония үкіметінің басшысы қызметінен кетті

Жапония үкіметінің басшысы қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Жапония тарихында премьер-министр лауазымында ең ұзақ қызмет еткен Синдзо Абэ денсаулығына байланысты демалысқа кетті. Бұл туралы ӨзА хабарлайды. 65 жасты саясаткер бұл қызметке алғаш рет 2006 жылда келіп, ел тарихындағы ең жас премьер атанған болатын. Бірақ бұл кезеңде ол көп тұрақтамады. Ол өзінің қызметтен кетуін сол кезде де денсаулығымен байланыстырған. 2012 жылда араға бес жыл салып қайта үлкен сахнада көрініс берген Либералды-демократиялық партияның жетекшісі Синдзо Абэ сегіз жыл көлемінде ел Премьер-министрі лауазымында жұмыс істеп, осы қызметте ең ұзақ мерзімде жұмыс атқарған рекордшы атанды. Абэнің отставкасы тек денсаулығына қатысты проблемалар аясында ғана емес, бәлкім оның Үкіметінің рейтингі күрт төмендеуіне де байланысты екендігі айтылуда. 23 тамызда «Kyodo» агенттігі тарапынан өткен сауалнамада оның кабинетін мақұлдау деңгейі 36 пайызға дейін төмендегенін көрсеткен. Бұл Абэнің екінші мерзімідегі қызмет барысындағы ең төменгі көрсеткіш. Респонденттердің 58,4 пайызы үкіметтің пандемияға байланысты әрекетіне наразы екендіктерін білдірген болса, 70,8 пайызы Абэ эпидемияға қарсы шараларды талқылау үшін оппозициялық партиялардың талабы бойынша парламенттің кезектен тыс сессиясын тезірек шақыруы керек деп санаған.