Неміс компаниясы Қазақстанда ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыт ашады

Неміс компаниясы Қазақстанда ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыт ашады

Неміс компаниясы Қазақстанда ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыт ашады
ашық дереккөзі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлемдегі ірі ауылшаруашылығы техникасын өндірушілердің бірі «CLAAS» неміс компаниясымен өнеркәсіптік кооперация құру туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі. Қазақстан мен Германияның өнеркәсіптік кооперациясын құруға Мемлекет басшысы 2019 жылғы желтоқсанда ГФР-ға сапарының аясында «CLAAS Group» компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы К.Клаас-Мюльхойзермен кездесуі барысында бастамашылық етті. Сапардың қорытындысы бойынша шетелдік кәсіпкерлермен жұмыс істеу үшін ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Склярдың басшылығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. ҚР аумағында ауыл шаруашылығы машиналарын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаны пысықтауды ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитеті, ГФР-дағы ҚР Елшілігі, «Kazakh Invest» ҰК« АҚ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізді. Пандемияның қазіргі жағдайын ескере отырып, Келісімге қол қою бейнебайланыс арқылы жүзеге асырылды. Министрліктің атынан құжатқа вице-министр Аманияз Ержанов, Германия тарапынан Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік директор Др. Нильс Ройч бұрыштама қойды. CLAAS зауыты Солтүстік Қазақстан облысында орналасады. Мамандандырылған жабдықты орнату мен техникалық қызметкерлерді дайындауды қоса алғанда, бірінші кезеңде TUCANO комбайнының өндірісі жолға қойылады. Жоба Қазақстандағы CLAAS ресми өкілі «СТ-Агро» компаниясымен бірлесіп іске асырылады. Облыс экономикасына салынған инвестицияның көлемі шамамен 3,4 млрд. теңгені құрайды, қаржыландыру көзі «CLAAS» компаниясының меншікті қаражаты болып табылады. Бастапқы кезеңде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.