«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Сондай-ақ!

«Абылай ханның үш арманын орындап жатырмыз» – Елбасы

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде қазақ халқы қазіргі таңда Абылай ханның үш...

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Ақорданың хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді. Мемлекет басшылары...

«Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын «Қазақстан мұнарасы» деп атаймын – Н.Назарбаев (видео)

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында осылай деді. «Келесі жылы аяқталатын «Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын «Қазақстан мұнарасы» деп атаймын....

Бүгін – ҚР Тұңғыш Президенті күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Осыдан тура 29 жыл бұрын елімізде бүкілхалықтық сайлау өтіп, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті сайланған болатын.  2011 жылғы 10...

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті, – деп хабарлады elbasy.kz.

Отырыс барысында Бюро мүшелері «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын қайта жандандыру бағдарламасының жүзеге асырылуын және партияішілік сайлау өткізуді талқылады. Отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы қазіргі уақытта қоғам тарапынан праймеризге үлкен қызығушылық байқалып отырғанын атап өтті.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

– Адамдар елдің қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысқысы келеді. Біз партияны қайта жандандырудың дұрыс векторын таңдадық. Ел проблемаларын бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз ету маңызды. Праймериздің міндеті – халықтық партиялық тізімдерді қалыптастыру. Бәсекелестік негізде жоғары қоғамдық қолдауы бар, нақты жағдайды білетін беделді көшбасшыларды, белсенді адамдарды таңдау керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

«Nur Otan» партиясының төрағасы праймеризге қатысушылар жергілікті жерлердегі күрмеуі қиын мәселелерді ашық көтеріп, кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы тиіс екенін атап өтті.

– Біз өз өңірін және елін дамытуға іс жүзінде атсалысуға дайын барлық адамдарға арнап «әлеуметтік лифт» құрдық. Қыркүйек айында жергілікті бағдарламалардың барлық 216 жобасы жарияланатын болады. Кеңінен талқылау электоралдық міндеттерімізді халықтың сұраныстары мен мұқтаждықтарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бес жылдық мерзімге арналған бағдарламалар халықтың пікірін ескере отырып қайта пысықталады, әр аудан, қала және облыстың бюджеттік мүмкіндіктерімен үйлестіріледі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Елбасы партияішілік іріктеу кезеңдерін жүзеге асыру бойынша сапалы ұйымдастырылған жұмыспен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.

– Праймеризді адал, ашық түрде және барлық қатысушыларға тең ережелермен ұйымдастыру керек. Партияішілік үгіт-насихат қыркүйекте басталады. Елдегі коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты оны Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сай өткізу қажет. Барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы керек. Халық денсаулығы басты назарда болады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Партия Төрағасы сөз соңында елдің ары қарай дамуы мен қоғам бірлігін нығайтуда «Nur Otan» партиясының орны ерекше екенін жеткізді.

– Партия қазақстандықтарды, қоғамның барлық сындарлы және салауатты күштерін біріктіруі тиіс. Біз бірлігімізді сақтай отырып қана кез келген қиындыққа төтеп бере аламыз. Елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін жасалып жатқан үйлесімді жұмыс аса маңызды, – деп атап өтті Елбасы.

Сондай-ақ мәжіліс барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек пен Бюро мүшесі, Қазақстанның Премьер-Министрі А.Мамин баяндама жасады.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы,...

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны...
ПУТИН

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин...
Хабиб

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...