Қазақстанда екі түрме жабылады – Ішкі істер министрлігі

Қазақстанда екі түрме жабылады – Ішкі істер министрлігі

Қазақстанда екі түрме жабылады – Ішкі істер министрлігі
ашық дереккөзі
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен, түрмеде жазасын өтеушілерге тиісті жағдай жасау мақсатында биыл жыл соңына дейін орташа қауіпсіздіктегі екі түзеу мекемесі: Қостанай облысындағы Құсмұран кентінде орналасқан УК-161/4 және Шығыс Қазақстан облысындағы Шуақ кентіндегі ОВ-156/17 мекемесін жабу жоспарланған. ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов: «Соңғы онжылдықта Қазақстанда түрмеге қамалғандар саны екі есеге азайған. Осыған байланысты, сәулет және техника жағынан ескірген абақтыларды біртіндеп жабу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Мысалы, былтыр төрт мекеме жабылды. Негізінен облыс орталықтарынан алыс орналасқан мекемелер жабылуда, себебі ондағы сотталушыларды жұмысқа тұрғызып, қызметкерлерді жұмысқа алу мәселелері күрделі. Үнемделген қаржы басқа пенитенциарлық мекемелерді материалдық-техникалық жағынан нығайтуға бағытталады», – деп атап өтті. Комитеттің хабарлауынша, жабылып отырған мекемелердің қызметкерлері жұмысын ведомствоның басқа бөлімшелерінде жалғастырады. Ал ондағы сотталушыларға келетін болсақ, олар коммуналдық-техникалық жағдайы жақсы осыған ұқсас жақын мекемелерге біртіндеп көшіріледі. Сондай-ақ, заңнама талаптарына сәйкес, мекеме басшылығы сотталушының жазасын өтеу орнына келуі жөнінде оның ең жақын туыстары немесе заңды өкілдеріне уақытылы, жазбаша үлгіде ескерту жібереді.