201
COVID-19: Өзбекстанда антирекорд жаңартылды
COVID-19: Өзбекстанда антирекорд жаңартылды
Өткен тәулікте Өзбекстанда 692 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 22 585-ке жетті.
Бұл туралы Өзбекстанның коронавирус жөніндегі республикалық арнайы комиссиясы хабарлады.
«Анти-рекорд жаңартылды - бүгін Өзбекстанда 692 (!) адамға коронавирус диагнозы қойылды, 365 науқас хал үстінде жатыр, 172-сінің жағдайы ауыр», - делінген комиссия хабарламасында.
Елде бір тәулік ішінде 5 науқас қайтыс болды. Марқұмдардың бірі - жүкті әйел.
Сондай-ақ, бір күнде 672 науқастың ауруханадан шыққаны белгілі болды. Осылайша елде індеттен айыққандардың жалпы саны 12 937 адамға жетіп отыр.
Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 17 миллионнан асып жығылды. Індеттен 667 мыңнан аса адам қайтыс болды.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда қатерлі вирус 88 мыңға жуық адамнан анықталды. 57 мыңнан аса адам емделіп шықты. 793 отандасымыз көз жұмды.