«Nur Otan» Шымкентте көпір құрылысының басталуына мұрындық болды

«Nur Otan» партиясына Шымкент қаласы Еңбекші ауданының тұрғыны Б.Ашетов Маятас тұрғын алабындағы 1976 жылы салынған көпірдің тозығы жетіп тұрғанын айтып хабарласты. Көпір тұрғындарға қиындық тудырып, жүк көліктерінің өтуіне қауіп төндіріп тұрғандықтан жаңа көпір салып беруді сұрады.

«Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Ғалымжан Ильясовтың ықпалымен Маятас тұрғын алабында жаңа көпірдің құрылысы басталды. Көпір салуға 159 млн теңге қаржы қарастырылған, құрылысы жұмыстары биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталып, қолданысқа беріледі  деп жоспарланып отыр.

Ал Маятас елді мекенінің тұрғындары көпір құрылысының биыл қолданысқа берілетінін естіп дән риза.

Back to top button