42 500 теңге: өтінім қабылдау басталды

42 500 теңге: өтінім қабылдау басталды

42 500 теңге: өтінім қабылдау басталды
ашық дереккөзі
Бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуші азаматтардан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем төлеуге өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Биыл шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан, БЖТ төлеуші болып табылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар «42 000 теңге» төлеміне келесі арналар арқылы өтініш бере алады:
  • egov.kz
  • «электрондық үкімет» веб-порталы; 42500.enbek.kz порталы;
  • telegram-боттар;
  • Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • homebank.kz порталы.
Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап жіберу автоматты түрде өтінім беру болып табылады.