Қазақстанда індет салдарынан қанша адам жұмыссыз қалды?

Қазақстанда індет салдарынан қанша адам жұмыссыз қалды?

Қазақстанда індет салдарынан қанша адам жұмыссыз қалды?
ашық дереккөзі
257
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі сәуір айында шарықтау шегіне жеткен. Сол айда республикада 4 млн 200 мың адам жұмыссыз қалған. Бұл туралы онлайн бирифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.   «Жұмыссыздық деңгейін 1 млн 145 мың адам деңгейінде бағаладық. Маусымда біршама еркіндік болып, жұмыссыздар саны шамамен 735 мың адамға дейін төмендеді. Шілдеде шектеу шаралары күшейтілді. Шамамен 1 миллионға жуық адам жұмыссыз қалар деп ойладық. Қазір карантин жалғасуда және айдың соңында баға береміз», –  деді министр. Б.Нұрымбетов Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті ресми деректерді әлі жарияламағанын атап өтті. Екінші тоқсанның мәліметтері 12 тамызға қарай дайын болады. Сондықтан ведомство әзірге жұмыспен қамту орталықтарына тіркелгендер санын есепке ала отырып жұмыссыздық деңгейін бағалап отыр. Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42 500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау жұмыстары қашан басталатынын мәлімдеген. Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, табысынан айрылғандар азаматтарға әлеуметтік төлемге өтініш беру үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің қажеті жоқ.

Серіктес жаңалықтары