28 Маусым, 15:07 246 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Ұлыбритания шетелден келетіндерді оқшаулау тәртібін өзгертті

Ұлыбритания коронавирус індетінің таралу қарқыны бәсеңдеген елдерден келетін азаматтарды 14 күн оқшаулау талабын алып тастамақ.

Ел билігі әр мемлекетті жасыл, сары және қызыл деп, үш санатқа бөліп қарастыру жүйесі енгізбек. Жасыл және сары санатқа жатқызылған елдердің азаматтары 2 апталық карантиннен босатылады. Ал қызыл түсті мемлекеттерден келгендерге 14 күн карантинде болу талабы күшінде қалмақ.

Ұлыбритания үкіметі коронавирус қаупі төмен мемлекеттердің тізімін келесі аптада жарияламақ. Сарапшылардың айтуынша, бұл осы уақытқа дейін жабық болған кей бағыттарды ашуға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда әлеуметтік арақашықтық ережесі өзгеретінін хабарлағанбыз. Ел үкіметі пандемия салдарынан қиындыққа тап болған жергілікті бизнеске қолдау көрсету үшін  «Бір метр плюс» тәртібін енгізді. 

Соңғы жаңалықтар