247
Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылады
Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылады
Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгеруі мүмкін.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
«Салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады», - деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Руслан Дәленов елімізде инвестициялық салық кредитін енгізуді ұсынған еді.
Министрдің айтуынша, несие корпоративтік табыс салығы және мүлік салығы бойынша 3 жылға беріледі. Ол пайызсыз болады, бірақ шарттар орындалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі.