Петропавлда ескі қағазды қайта өңдейтін ірі зауыт салынып жатыр

Петропавлда ескі қағазды қайта өңдейтін ірі зауыт салынып жатыр

Петропавлда ескі қағазды қайта өңдеп, одан жаңа өнім шығаратын ірі зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жобаның алғашқы кезеңінде мұнда тәулігіне 60 тонна санитарлық-гигиеналық қағаз өндіру жоспарланған.

Ең қызығы, өндірісте су да қайта айналымға түседі. Бір тонна өнім өндіруге 200 текше метрден астам су қажет болғандықтан, зауытта суды тазартып, қайта пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы жүйе қарастырылған.

Яғни, мұнда қағаз да, су да ысырап болмайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар