Карантин: Премьер-министр штаттық режимде жұмысын жалғастырады

Карантин: Премьер-министр штаттық режимде жұмысын жалғастырады

Карантин: Премьер-министр штаттық режимде жұмысын жалғастырады
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин короновирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін оқшаулану режимінен шықты. COVID-19-ға жасалған ақырғы талдау нәтижесі теріс қорытынды берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Садық Әкежанов хабарлады. Сондай-ақ, бұған дейін өзін-өзі оқшаулаған білім беру министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев осындай процедурадан өтті. Барлығынан COVID-19-ға теріс нәтиже алынды. Осыған байланысты Үкімет басшысы мен министрлер жұмыс кестесін штаттық режимде жалғастырады. Қазіргі уақытта Үкімет отырыстары мен барлық кеңестер селекторлық режимде өтуде. Үкімет пен министрліктер үйінің ғимараттарында санитарлық тәртіп күшейтілді, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды, қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшті.