Ғылымға көңіл бөлсеңіз…

Әл-Фараби бабамыз «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген екен. Заман сұра­нысына сай ұрымтал, тиімді ғылыми жаңалықтар ашып, оларды өн­діріске енгізе білген мемле­кет­тердің пайдаға кенелгенін, қуа­ты артқанын көріп, ғұ­лама­ның сөзі ақиқат екеніне кө­зіміз анық жеткендей. На­рық заманында эконо­ми­каның ілгерілеуі, әлеуметтік инф­ра­құры­лым­ның дамуы, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету сияқ­ты маңызды міндеттер ғылыми ізденістер мен зерт­теулердің белсенді жүргізілуіне тәуелді. Сондық­тан Қазақстан ғылымды қар­жыландыруды арт­тырып, са­ла­ны реформалауды қолға ал­ды.

Ғылымды қаржыландыру:

Дамыған елдерде – 3 пайыз, Қазақстанда – 0,13 пайыз

Жуырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе көбейіп, 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің  1 пайы­зына жететінін мәлімдеді. Сол жиын­да Президент қаржыландыру қалай бөлінуі керегін, қандай жұмыстарды қамтуы қажет екенін айтты.

«Біз ешкім оқымайтын, қажетсіз жұ­мыстар мен зерттеулерді қаржы­лан­дыруға жол бермейміз. Әрбір ғылыми жұмысқа қатаң талап қойылуға тиіс. Сондай-ақ оның нақты әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және техникалық қайтарымы болуы қажет. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тек ұлттық ғылыми-техникалық міндет тұрғысынан бөлінуі тиіс. Медико-био­логиялық зерттеулер, агроөндірістік ғылым, «жасыл» технология, жасанды интеллект, энерготиімділік сияқты салаларға ерекше мән беріп, қаржы бөлу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ғылымның дамуына бөгет болып отырған кедергілерді жою мә­се­лесін өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында да көтерген болатын.

«Біздің елдегі ғылымды қаржыландыру – 0,13 пайыз, ал дамыған елдерде – 2,5 пайыз. Бізде өте аз шығын жұмсалады. Сон­дықтан ғылымға бөлінген қаржыны пайдалану тиімділігі төмен. Сарапшылардың пікірінше, ғылымға бөлінген қаржы жалпы ішкі өнімнің 1,5 пайызынан төмен болса, шығынның толыққанды қайтарымы болмайды. Үкімет осыны білуі керек. Жеке секторды ғылымға тартудың түрлі меха­низмдерін дамыған елдер тәжірибесіне сүйе­ніп жасау қажет. Қазіргі әлемде ғылым­сыз бір қадам алға баса алмайсың», – деп атап көрсеткен.

Ғылыми ізденістердің игілігін көріп, табысы мен қуатын еселеп отырған мемлекеттердегі ғылымды қаржыландыру кө­лемін бізбен салыстыруға келмейді. Мә­селен, Франция – 54,4 млрд, Ұлыбритания – 49,7 млрд, АҚШ – 508,3 млрд доллар бөліп, жал­пы ішкі өнімнің 3 пайызын ғылымның дамуына жұмсап отыр. Ал Оңтүстік Корея жыл сайын 58,5 млрд доллар, яғни жалпы ішкі өнімінің 5 пайызын осы саланы қар­жы­ландыруға бағыттайды. Ресейде де ға­лымдардың ізденісін ынталандыру, ғылыми жаңалықтарды қаржыландыру мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. Мемлекет осы мақ­сатта 15,5 млрд доллар бөліп, жалпы іш­кі өнімінің 1,2 пайызын жұмсап отыр.

Бұдан былай ғалымдар грантты 3 жыл сарыла күтпейді

Елімізде қаржыландырудың жет­кіліксіздігінен ғылыми ізденіс­тер­дің көпшілігі діттеген жеріне жетпейтіні, ға­лымдардың есіл еңбегі көбіне нәтижесіз аяқталатыны құпия емес. Мұны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те жасырмайды. Министрдің айтуынша, соңғы өткізілген гранттық жобалар конкурсына ғалымдардан 5 мың өтінім түскенімен, қара­жаттың аздығынан 4 мың жоба кері қай­тарылған. Қаржыландыруға іліккен жо­балардың бюджеті де біршама қысқарт­ы­лыпты. Бұл өз кезегінде жобалардың сапасы мен нәтижесіне әсер етпей қоймасы анық.

Жүргізілген зерттеулер елімізде ғы­лыми және ғылыми-техни­калық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру деңгейінің төмендігін, ғылыми жаңалық­тардың қолданбалық сипатының болмауын және ғылыми кадрларды даярлау жүйесінің тиімсіздігін көрсеткендіктен, Үкімет саланы түбегейлі реформалауды қолға алды. Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Алдағы екі жыл ішінде ғылымды қаржыландыру көлемі 2 есе ұлғаймақ. Зерттеу институттарының ғы­лыми инфрақұрылымын жыл сайын жаңартып отыруға қаражат бөлінеді.

Ғалымдарды қуантқан тағы бір жаңалық – бұдан былай гранттық кон­курстар бұрынғыдай 3 жылда 1 рет емес, жыл сайын өткізіледі. 3 жыл аз уақыт емес, жаңа­лыққа құштар бүгінгі қоғамда көте­рілген тақырып пен зерттелген мәселенің өзектілігі тез жойылады. Сондықтан грант­қа ие бола алмай қалған кейбір ғалымдар келесі байқауды 3 жыл сарыла күтуді бос әурешілік санап, өз қызметінің бағытын өзгертуге мәжбүр-тін. Бұл мәселе түбегейлі шешілді. Биылдан бастап гранттық және БНҚ (бағдарламалық-нысаналы қаржы­ландыру) жыл сайын жүргізіледі. Сондай-ақ шағын зерттеулер жүргізуге арналған гранттар, іске асырылу мерзімі 1 жылға дейінгі мерзімді гранттар және шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып коллаборация негізінде зерттеулер жүргізуге арналған арнайы гранттар енгізіледі.

Тағы бір айта кетерлігі, енді БНҚ тек нақты ұлттық ғылыми-техникалық мін­деттер негізінде ғана бөлінеді. «БНҚ аясындағы тақырыптардың, мысалы, «Ауыл шаруашылығын дамыту» деген сияқты көбіне кеңінен қамтылғаны жасырын емес. Бұған қаражат бөлініп, әрі қарай ғалымдар өздерінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, қаржыландыруға қол жеткізу мақсатында ғылыми зерттеулерін ұсынды. Нәтижесінде, бағыт қаржыландырылды, бірақ фермерлер нақты нәтижені көрмейді. Көрген күннің өзінде олардың шығыны пайдасынан асып кетеді. Сондықтан ендігі жерде қоғамның немесе нарықтың қазіргі және болжамды қа­жеттіліктерін негізге ала отырып, көз­делген нәтижесінің нақты индика­тор­лары бар міндеттер мен тақырыптар анықталады. Айталық, кең ауқымды «Ауыл шаруашылы­ғын дамыту» деген тақырыптың орнына нақты міндет ретінде белгілі бір топырақ пен климаттық жағдайларда сапалы өнім беретін дақылдардың сұрпын жасау көрсе­тіледі. Яғни қаржыландыру зерттеу мен өнімі бір-бірімен қабыспайтын ауқымды тақырыпқа емес, нәтижеге жұмсалады», – дейді Асхат Аймағамбетов.

Ұлттық ғылыми кеңес құрамына кімдер енеді?

Ғылымды қаржыландыру туралы сөз қозғалғанда Ұлттық ғылыми кеңеске (ҰҒҚ) соқпай өте алмаймыз. Бұл – ғылыми жобаларды қаржыландыру туралы шешім қа­былдайтын басты орган. Ғалымдардан тұратын ҰҒК жобаларды іріктейді, ғылыми бағдарламаларды бағалайды, зерттеулердің мониторингін жүргізіп, қаржыландыру туралы шешім қабылдайды. Бұрын ҰҒК мү­шелерін іріктеудің нақты рәсімі болма­ған­дықтан, ғылыми ортада жекелеген кан­дидаттардың кеңес құрамына енгізілгеніне қатысты дау көбейді. Жобаларды іріктеу жүйесінің әділдігіне сенім азайған соң ҰҒК құрамын қалыптастыру процесі түбегейлі қайта қаралды, оның мүшелеріне қойыла­тын талаптар да қатаңдатылды. Бұдан бы­лай ҰҒК-ға кандидаттарды іріктеген кез­де басты талап ретінде олардың ғылыми қызметінің нәтижесі мен қажеттілігі назарға алынады. Біріншіден, бұл өлшеуге болатын, сенім тудыратын көрсеткіштерге сүйенуге, екіншіден, ғылымның жекелеген са­ласының ерекшеліктерін ескеруге мүм­кіндік береді. Бұдан бөлек, әрбір жобаның сапалы сарапталуы үшін ҰҒК мүшелерінің саны да көбеймек.

«Біз халықаралық деректер қорынан ғалымдардың сараланған тізімін жай ғана аламыз да, ең беделді деген ғалымдарды (егер олар өздігінен бас тартпаса және кез келген бір ұйымның басшысы болмаса және т.б.) ҰҒК құрамына қосамыз. ҰҒК құрамында ең мықты ғалымдар болуы керек», – деді А.Аймағамбетов.

ҰҒК қызметінің ашықтығын арттыру да – негізгі міндеттердің бірі. Егер бұрын қар­жыландыру туралы шешім жасырын дауыс беру арқылы қабылданса, биылдан бастап нақты өлшемдер бойынша балл қою арқы­лы ашық дауыс беру енгізілді. Сонымен қатар кеңес отырыстарының онлайн көрсе­ті­лімі ұйымдастырылуы ғалымдардың жауап­кершілігін арттырып, қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз етпек.

ҰҒК қызметін жетілдіруге бағытталған тағы бір жаңашылдық – өтінімдерді экономикалық сараптау институты енгізіл­ді. Бұл, біріншіден, сұралып отырған қаржы­ландырудың негізділігін тексеруге мүм­кіндік берсе, екіншіден, ҰҒК-нің өтінім­дерді қаржыландыруды өз бетінше қысқартуына шек қояды. Мысалы, Білім және ғылым министрлігінің дерегінше, қойылған мін­деттерді шешу үшін ғалымдар 50 млн теңге қаражат сұраса, ҰҒК 3 миллионға дейін қысқартқан жағдайлар болған. Салдарынан ғылыми жұмыстардың тақырыбы немесе бағыты қаражат көлеміне сай ауыстырылып, ақша жұмсалып кетіп, зерттеулер нәтижесіз аяқталған көрінеді. Министрлік бұдан былай мұндай жүгенсіздікке жол берілмейді деп сендіріп отыр.

Қазақстанда ғалымдар саны неге азайды?

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта елі­мізде 386 ғылыми ұйым бар. Онда шамамен 22 мың маман жұмыс істейді. Қызметкерлердің 33 пайызында ғылыми дәреже бар. Нақтырақ айтсақ, 1 703 ғылым докторы, 4 240 ғылым кандидаты, 1 045 PhD докторы мен өз саласы бойынша 317 док­тор. Орта есеппен алғанда, бұл 1 млн халық­қа 930 ғалымнан келеді деген сөз. Салыс­тыра­тын болсақ, Қытайда бұл көрсеткіш – 1 235-ке, Грузияда – 1 340-қа, Болгарияда – 2 130-ға, Ресейде – 2 851-ге, ал АҚШ-та 4 256-ға тең.

Сәл шегініс жасасақ, 1980 жылы бізде 37 390 ғалым, 1990 жылы 50 627 ға­лым болған екен немесе 1 млн адамға 2 166 ғалымнан келген. Көріп отырғанымыздай, ғалымдарымыздың саны осыдан 30-40 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе азайған. Мәселен, СҚО-да ауыл шаруашылығы сала­сының флагманы – астық шаруашылығында 3 селекционер қалған. Қарағанды об­лы­сындағы өсімдік шаруашылығы инсти­ту­тында да 1 селекционер ғана бар. Оның өзі 75 жастағы зейнеткер екен.

Ақпанда Мәжілістің Аграрлық мәсе­лелер комитетінің аграрлық ғылым­ды, білімді және өндірісті интеграциялау мә­селелеріне арналған тақырыптық оты­ры­сында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев агроөнеркәсіптік ғы­лым­ның дамуын тежеп отырған бірден-бір фактор – білікті мамандардың тапшылығы екенін алға тартқан еді.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы тә­жірибелік станцияда селекционерлер жоқ. Бәрі кетіп қалды. Біз қазір бұл тұрғыда құр­дымға таяп қалдық. Бұлай жалғаса берсе, ай­мақта 10 млн гектар аумаққа сұрып дайын­дайтын маман қалмайды. Егін түсім­ділігінің 40 пайызы дәнге байланысты. Ка­надада, мәселен, 15 жылдың ішінде егіннің түсімі – 29 пайызға, Ресейде – 31 пайызға, Аустралияда 38 пайызға артса, бізде 14 пайызға ғана өскен. Оның өзі біздің жетек­ші шаруа қожалықтардың арқасы», – дей­ді А.Күрішбаев.

Әлем елдерінің тәжірибесінен мысал келтірген ректордың айтуынша, түйт­кілді жаңа формациядағы ғалымдарды даярлау арқылы шешу қажет.

«Селекциялық ғалымдарды іріктеу жұ­мысы студенттік кезеңнен басталуы тиіс. Зерт­теу университеттерінде аудитория мен зерт­хана, егіс алаңы – бәрі бір құрылымға шо­ғырланған. Яғни студенттік кезеңнен бас­тап мамандарды ғылымға тарту керек. Ол жүйе бізде жоқ. Шетелдік әріптестер біз­ге «реформа көп жасайсыздар, бірақ бас­қару формасын өзгерте бергендіктен, жұ­мыстарыңыз нәтижелі болмайды» дегенді ай­тады. Яғни, біздегі ғылыми-зерттеу инс­титуттары бір министрліктен екіншісіне ауы­са береді. Шет мемлекеттердегі ғылыми-зерт­теу институттары мен жоғары оқу орын­дарында негізгі тұлға біздегідей оқы­тушы емес, ғалым. Олар білім беру ісінің де, өндірістің де жай-жапсарын бес саусақтай біледі. Осыдан барып әр ғылыми жоба сәтті жүзеге асып, білім беру бағдарламалары-ның эволюциясы жүріп жатады», – дейді ғалым.

 

Мұрат ЖҰРЫНОВ,  Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик:

Ғылымды ғалымдар басқаруы керек

2020 04 09 nurotan news 1393742945 0

– Кеңес Одағы құрамында бол­ған уақытта Қазақстан ға­лым­дары­ның еңбегі көптің аузында жүрді. Тәуелсіздік ал­­ған соң отандық ғы­лым­ның тірлігі кері кеткендей. Бұ­ған не себеп?

– Тәуелсіздік алған жылдары біз ғы­лымды біраз төмендетіп алдық. Өйткені қаржыландыру күрт азайды. Қаржы жет­кілікті болмаса, ғылым алға баспайтыны о бастан белгілі. Кезінде Кеңес Одағы ғылым академиясының президенті А.Александров «Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында Қазақстанның ғылымы тұр» деп айт­қан. Ол уақытта Кеңес Одағының ғылы­мы әлем бойынша бірінші орында болды. Ал Одақтың құрамындағы 15 республи­ка­ның арасында үшінші орынды иемдену – үлкен жетістік.

Алайда Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарындағы аумалы-төкпелі кезеңде біз бұл көрсеткішті жоғалттық. Посткеңес­тік елдердің арасында Қазақстан ғылымға ең аз қаржы бөлген мемлекет болды. Тіпті, көршілес Қырғыз Республикасының өзі ғылымның дамуына бізге қарағанда көбірек қаражат жұмсады. Қаржылық қиындық­тарға қарамастан, Армения ғылым акаде­миясын сақтап қалды, ғылымға бөлінетін қаржыны жалпы ішкі өнімнің 0,25 пайызы деңгейінде ұстап тұрды. Ал бізде 0,12 пайыз шамасында ғана болды.

Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде 2025 жылға дейін ғылымға бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімнің 1 пайы­зына жетпек. Бұл межеге жету үшін жыл сайын қаржыландыруды біртіндеп ұл­ғайту қажет. Мәселен, келесі жылы 0,3 пайыз­ға, 2024 жылы 0,7 пайызға жетуі ке­рек. Ақшаны кезең-кезеңімен игергенде ғана нәтиже болады. Бір жыл қалғанда қар­жыны үйіп-төккеннен ғылым көгер­мейді. Ғылым – инерциялы күш. Айталық, биыл бір тиын бөлмей, қаржыландыруды тоқ­татып тастасаңыз, ғылым өзінің инерция­сымен 2-3 жыл жылжуы мүмкін. Содан кейін тоқтайды. Ал тоқтаған ғы­лым­ды қайта жылжыту үшін қыруар қаржы, көп күш керек.

– Қаржыландыру мәселесі ше­шілді делік. Кадр мәселесі ше? Отан­дық ғылымды көгертуге ға­лым­дарымыз қауқарлы ма?

–Тәуелсіз Қазақстан ғылымының не­гізін қалаған ғалымдардың көбі ортамызда әлі еңбектеніп жүр. Олардың шәкірттері өсіп-өніп, ғылымның дамуына үлес қосуда. Егер олардың жағдайын жасап, құрал-жаб­дықтарын түгендеп, аспаптарын жаңалап берсе, еліміздің ғана емес, әлемнің кәдесіне жарайтын ғылыми жаңалықтар ашуға қау­қарлы. Ғылыми жаңалық дегеніміз – табиғаттың, материалды әлемнің адамзатқа осы уақытқа дейін белгісіз болып келген жа­сырын құбылыстарын, заңдылықтарын ашу. Ғылыми жаңалық деп тану үшін оны әлем мойындауы қажет. Мәселен, өткен жылы менің ғылыми жетекшілігіммен қазақстандық ғалымдар тобы ғылыми жаңа­лық ашып, титанның сулы ерітіндідегі бұған дейін белгісіз болған постэлектро­лиздік химиялық еру құбылысын анықтады. Яғни титанды бейстационарлық токтармен алдын ала полярлаған кезде оның беткі қабатындағы қабыршығы жойылып, соның сал­дарынан электродтық әлеуетінің мөл­шері өзгергендіктен, қышқылды ері­тінді­лерде химиялық тұрғыда еріп кетеді.  Бұл – осы уақытқа дейін адамзатқа беймәлім болып келген құбылыс, сонымен қатар хи­мия саласы бойынша Қазақстанда ашылған тұңғыш ғылыми жаңалық. Еңбегімізді әуелі халықаралық ғылыми академияға жібердік. Олар сол салада жұмыс істейтін дүние жүзіндегі барлық ғылыми орталықтарға жолдап, пікір білдірулерін, баға берулерін өтінді. Әр елдің ғалымдары пікір білдіріп, мұн­дай құбылысты бұрын-соңды ешкім анықтамағанын айтқан соң ғана жұмысы­мызды ғылыми жаңалық деп тану туралы шешім шығарылды. Бұл қазақстандық ғы­лымның қаржылық қиындықтарға қара­мас­тан алға жылжып жатқанын көрсетеді.

– Биылдан бастап Ұлттық ғы­лыми кеңестің мүшелерін іріктеу та­­лаптары күшейтілді. Сіздіңше, бұл органнан кімдерге орын берілуі керек?

– Қаражатты ғылымнан хабары бар адамдар бөлуі керек. Ұлттық ғылыми кеңес құрамының жартысы – бизнесмендер. Ғы­лымның не екенін білмейтін адамдар ға­лымдардың еңбегіне қалай сарапшы бола алады? Ғылыми жаңалықтың тағдырын сол саланың жілігін шағып, майын ішкен ма­мандар шешуі қажет. Ұлттық кеңес құра­мына жоғары оқу орындарында дәріс оқып жүрген профессорларды, академиктерді, бір ғана саламен шектелмей, ғылыммен кең ауқымда айналысып жүрген ғалымдарды тарт­у керек. Мәселен, химияның он саласы бар. Оның тек біреуін індете зерттеп жүрген ға­лым басқа салалардың жаңалығын біл­мейді.

Тағы бір айта кетерлігі, бұрынырақта қолданыста болған Хирш индексіне сүйенуді тоқтату керек. Бұл көрсеткіш фи­зика теориясымен, математикамен шұ­ғылданатын ғалымдарға қолайлы, ал химия, биология, техникалық салаларға тіпті сай келмейді. Хирш индексі –абсолют­ті көрсеткіш емес. Мәселен, сіз «бес жылдан кейін Арал теңізі Каспий теңізіне қосылып кетеді» деп жаздыңыз делік. Сізге жұрттың бәрі «бұл қайдан шыққан идея, қандай есепке сүйендің, мұның ақылға сыймайды» деп жаза бастайды. Сізді ақымақ, есалаң деп атауы мүмкін, бірақ сізге Хирш индексінің жоғары болуы, яғни жұрттың аузына кө­бірек іліну маңызды. Еуропа елдері үш жылдан бері ғалымдардың еңбегін баға­лаудың бұл әдісінен түбегейлі бас тартты. Ал Қазақстан әлі күнге дейін қолданып келеді. Әлем ғалымдары бұл қазақстандық­тарға не болған деп күлетін шығар.

Идеядан басталып, теориямен жал­ғасқан, тәжірибемен ұштасып, өн­діріске енгізілген жағдайда ғана ғылыми ізденістердің мәні болады. Ғылымды ға­лымдар басқаруы қажет. Бұрын Ұлттық ғылым академиясы басқаратын. Қазір бізді шеттетіп тастады. Мемлекеттік орган емес, қоғамдық бірлестік болдық. Бізден басқа ТМД елдерінің барлығында ғылым акаде­мия­сы мемлекеттік орган. Ғылымға қатысты мәселелердің бәрін сол орган шешеді.

Ғылым саласын жемқорлық дендегені де жасырын емес. Жемқорлық жойылуы үшін ғылыми-зерттеу инсти­тут­тарының басшыларын сол институттардың ұжымы жабық дауыс беру арқылы сайлауы қажет. Кеңес өкіметі кезінде Ұлттық ғылым академиясының директорларын академия­ның жиналысында сайлайтын. 200-ге жуық адам дауыс беретін. Қазіргідей көлденең көк аттыны тағайындау деген болмаушы еді.

– Бұдан былай гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржы­ландыру 3 жылда бір рет емес, жыл сайын жүргізілетін болды. Қаржы ғы­лымның қай салаларына көбі­рек бөлінуі қажет?

– Ең әуелі химия өнеркәсібі саласындағы ғы­лыми ізденістерді қаржыландыруды арттыру керек. Мұнай өндірісі, рудалардан ме­талл бөліп алу – мұның бәрі химия. Екін­шіден, металлургия саласынан ақша аямау қажет. Бізде 6 металлургия зауыты бар. Сол зауыттардың қызметін ғылыми ізденіс­тер­мен сүйемелдесе, ғалымдардың ашқан жаңа­лығын өндіріске енгізсе, отандық ме­таллургияның жұмысы жандана түсері анық. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы ғы­лымдарын қаржыландыруға баса көңіл бөлген жөн. Агрономия, зоотехника, агро­химия, тұқымтану, өсімдік өсіру – бұл са­лалар­дың қай-қайсысы да түптеп келгенде ел экономикасының дамуына серпін берері сөзсіз.

 

 

Редакция таңдауы

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...
aua rayy

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидромет мамандарының болжамына сүйенсек...
d448df53 2649 42a7 8392 ff2917cc28e8

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының...
20554902 9032 4216 9e05 99a3eb61a9a8

Үржар әуежайы жабылады: Алакөлге қатынайтын пойыз және автобус саны арта ма?

Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны...

Жаңалықтар

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидромет мамандарының болжамына сүйенсек алдағы бірнеше күн еліміздің 8 бірдей өңірінде ауа райы күрт өзгереді. 23-25 сәуірде...

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасының сапасына күмәндануға еш...

Үржар әуежайы жабылады: Алакөлге қатынайтын пойыз және автобус саны арта ма?

Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны арттырады. 1 мамырдан бастап Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмысын жүргізу мақсатында жабылады....

Miras қоғамдық кеңесі бас қосты

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда қазіргі отандық кинематография саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Кеңес барысында «Nur Otan»...

Атышулы Q-рор тобының мүшелері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Алматыда танымал Q-рор тобының мүшелері есірткі заттарын жасап, сатты деген күдікпен ұсталды. Полицейлер 21-30 жас аралығындағы 10 адамды ұстаған. Топты басқарған – 1994 жылы туған...

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленовтың мәліметінше, стипендиялар үш...

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Жайсыз хабар туралы өнер иесінің...

Nur Otan: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмысы тиімсіз

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаражат бөлінгеніне қарамастан, жекелеген елдімекендерде адамдар әлі күнге дейін суды тасып ішуге мәжбүр. «Nur Otan» партиясындағы...

Жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімі тағайындалды

Ғани Рысбеков жаңадан құрылған Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. «Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы...

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Президенттің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құрметті кеңеске қатысушылар! Биыл – Егемен ел болғанымызға 30...

«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір

Қазақстан және онда тұратын барлық этностың тыныс-тіршілігі әлемдік қауымдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын, өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде...

Ынтымақты елдің баласы бақытты

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігі, татулығының арқасында шаңырағымыз шай­қалмай, отыз жыл бойы елімізде ұшан-теңіз игі істер...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...

«Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер…»

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға шақырып, бере­келі айда жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы...

Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды – Қ.Тоқаев

Алдағы үш жылда Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Қазіргі...

Дерт пе, әлде не?

Адамзат тарихында жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1926 жылы Берлин қаласындағы Жыныстық зерттеулер институтында жасалды. ХХ ға­сыр­дың басында өзінің жынысына көңілі толмайтындарға шизофрения диагнозы...

Тағдырым, саған не істейін?

Ерте көктемде тулап ағатын келте өзендер болады. Қара жер­дің бетіне тебіндеп көк шыға бастағанда, тебіреніп тасыған өзен­нің асау толқындары жеткен жері­нің бәрін де суға...

Телеарна рейтингі талғам таразысы ма?

Коронавирус пандемиясына байланысты жария­лан­ған карантин шектеулері телеаудитория ау­қымын ұлғайтты. Бұл құбылыс әлем елдерімен қатар Қа­зақстанда да байқалып отыр. Карантин шектеулері жұртшылықты үйде отыруға, ірі...

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ: Абай Семей мен Жидебай арасында жүріп-ақ «Абай» болған

Семей – еліміздегі тарихи маңызы ерекше қаланың бірі. Өткен ғасырдың басында Алаш көсемдері осы шаһарда бас қосып, келелі кеңестер өткізгендіктен сол кезде зиялылар шо­ғырының...

Алматыда көлік кеңесі құрылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Сарапшылар қауымдастығы және белсенді қалалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту, бірыңғай...

Ине ұшындағы иммунитет

Былтыр қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия әлем халқының шамамен 70 пайызы вирусқа қарсы вакцина алған кезде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Елімізде вирусқа...

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды дегеніміз – мақтаныш үшін айтыла салған сөз емес, тарихи шындық! Осы жылдың 20-22 наурызында Түркістан қаласында өткен ме­диа фо­рум­да тарих...

Президент еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды

Еліміздің батыс өңірі сенімді электр желісімен қамтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бесінші –...

Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өңірлерінде көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтары құру туралы тапсырма берді. «Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын...

 Мархабат Байғұт: қоғамдық кеңестер мол жауапкершілік жүктейді

 «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының кестесіне сәйкес, партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Жиында партияның алдағы жоспарын межелеп, аумақтық филиалдарындағы сайланбалы...

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты. «Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің еліміздің...

Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады

Pfizer компаниясы өз өнімінің жалған нұсқалары Мексика мен Польшада қолданылғанын анықтады, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Екі елдің билігі дәрі-дәрмектің қаптамаларын тәркілеген, ал компания...

Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Үш жыл бұрын болған шулы оқиғаға байланысты лауазымынан айырылған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінде жаңа лауазымға ие болды, деп...

«Роза Рымбаева да ауырып тұрыпты». Әнші Майра Мұхамедқызы вакцинаның әсерін ауыр өткергені туралы айтты

Опера әншісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы вакцина ектіргеннен кейінгі хал-ахуалы жайлы Instagram-дағы парақшасында жазды.  Әншінің айтуынша, 3 күнге дейін...

Бас прокуратура өлім жазасына қатысты заң жобасын әзірледі

Бас прокуратура елімізде өлім жазасын алып тастауды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов мәлімдеді. "Бас прокуратура өлім жазасы бойынша...

Аудандық мәдениет үйінің құрылысы партияның бақылауында болады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетауға келген ресми сапары барысында өткізген қоғамдық қабылдауында Аршалы ауданында мәдениет үйін...

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасында өмірден өтті. Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады, деп хабарлайды malim.kz. Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай...

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты

Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz. Алматы облысының полиция департаменті 2021 жылғы 21 сәуір күні сағат 18:20-да Алматы-Нұр-Cұлтан тас...

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Алғаш рет сотталғандардың жақсы тәртібін, өзін-өзі жақсы ұстауын ынталандыру, сондай-ақ "кері байланыс" қағидаты бойынша...

Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған

Пәкістанның Кветта қаласындағы Серена қонақ үйінде терракт болды. Конақ үйдің көлік тұрағында бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды,-деп...

Өткен тәулікте 2 893 адам індет жұқтырған

Елімізде өткен тәулікте 2893 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020 сайтында ресми хабарланды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 574, Алматы қаласы - 695, Шымкент қаласы...

Марста алғаш рет оттегі алынды

Марс атмосферасынан алғаш рет оттегі алынды. Бұл Қызыл планетаға жіберілген Moxie қондырғысы арқылы орындалды, - деп хабарлайды 24.kz Life.ru-ға сілтеме жасай отырып. “Бұл технологияны таныстыру,...

Тәуелсіздік шежіресі: 22 сәуір күні қандай елеулі оқиғалар болды?

1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды. 2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ...

30-жылдардағы ашаршылық зерттеледі

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғылыми-сараптамалық тобы ұйымдастырған экспедиция барысында зерттеушілер тарихи маңызға ие орындарды аралап қайтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Экспедиция мақсаты – 1930-жылдары болған ашаршылық...

Алматыда тауға шығуға тыйым салынады

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда,...

Елімізде алдағы үш күнде күн жылынады

«Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан...

Үндістанда жаңа мутация пайда болды

Коронавирустың жаңа мутациясы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында анықталды деп мәлімдеді Геномика және интеграциялық биология институтының қызметкері Винод Скария. Батыс Бенгалияда коронавируспен ауырғандар саны артқан: соңғы...

Елбасы Ахметжан Есімовті жаңа қызметке тағайындады

Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Elbasy.kz сайтында хабарланды. Айта кетейік, Ахметжан Смағұлұлы...

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? – Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі түрде вакцина алу және одан бас тартқандарға айыппұл салынатыны, жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы inform.kz хабарлады. "Бізде мәжбүрлі...

Мәжіліс депутаты жол салуға көбірек ақша жұмсауды ұсынды

Жол салған кезде сапаға баса назар аудару қажет. Депутат Шәміл Осин 21 сәуірде Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында вице-премьер Роман Склярға ұсыныс тастады, - деп...

Жазушы Дулат Исабеков: Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым

Бұл туралы пікір жазушы Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Журналистің «90-ншы жылдардан бергі өзгерістерге көңіліңіз тола ма? Теледидардан көрсетіп жатқан жетістіктер ауыз толтырарлықтай ма?» деген сұрағына: «Шынымды айтсам,...

Марат Әзілханов екі бірдей лауазымды қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын тағайындады. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы...

АҚШ санкциялары Қазақстанға әсер ете ме?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тигізер әсері жайлы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жеткізді. – Бұл санкциялар Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын...

Түркістанда банк қызметкері тұрғындар атынан несие алған

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның атынан артығымен несие рәсімдеп, ақша жымқырып, алаяқтық жасаған банк қызметкерін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеп отыр. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған....

Студенттер Жапония билігіне шағымданды

Оңтүстік Кореяда студенттер Жапония билігіне қарсы шеруге шықты. Себебі жуырда жапон билігі «Фукусима-1» атом электр станциясының суын мұхитқа төгу туралы шешім шығарған болатын. Наразылық акциясы...

АҚШ елшісі: Қазақстан біздің вакциналарды сатып алса деймін

Енді АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакциналары елімізге жеткізіледі. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер 21 сәуірде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды regnum. Елші АҚШ-тың...

Қызылордада халыққа жалған ақпарат берілгендіктен 500 адам мемлекеттік орган ғимаратына жиналды (видео)

Қызылорда қалалық Жұмыспен қамту орталығында тұрғындардың жаппай жиналуы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға байланысты тиісті сала басшылары түсініктеме берді. Жұмыспен қамту орталығында адамдардың көптеп жиналуына...

Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы азаматты аман алып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Исагил Тасимті 4 сәуір күні өте ауыр...

Экс-министр Елжан Біртанов: Эпидемиямен қалай күресу керегін білемін

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов сотта өзін босатуды сұрады, деп жазды informburo.kz порталы. "Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бұрынғы Денсаулық сақтау минстрі...

Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

Ақтауда Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Каспий теңізінің жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер...

Израильде маскасыз жүруге рұқсат берілді

Израиль билігі 18 сәуірден бастап далада медициналық маска киюді міндеттеуді тоқтатты, деп жазады The Times of Israel. Жарлыққа елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Хези Леви...

Нәсілдер қақтығысы: АҚШ-та митинг басталды

Огайо штатындағы Колумбус қаласында полицей 16 жастағы Макайя Брайант есімді  қара нәсілді қызды атып өлтірді. Осыған байланысты наразылық білдірушілер полиция ғимаратына жинала бастады. Бұл туралы...

Ақпанда жоғалған Атырау облысы тұрғынының денесі контейнерден табылды

Атырау облысында ақпан айының басында хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешов өлі күйде табылды, деп хабарлайды azh.kz. Ол қала маңындағы Талғайран ауылының тұрғыны болған. Атырау...

Ағылшын футбол клубтары Суперлигадан шығатынын мәлімдеді

"Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Арсенал" және "Тоттенхэм Хотспур" ағылшын футбол клубтары еуропалық Суперлига жобасынан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футбол клубтарының ресми парақшасында...

400 жаңа мектеп салынады: Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Келесі жылдың соңына дейін 400 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысында...

Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Әлемге танымал жұлдыздар - реперлер мен орындаушылардың бейнебаянын  түсіріп жүрген қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады, - деп хабарлайды...

АҚШ-Қазақстан арасында визасыз режим орнатыла ма?

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, біздің ел...

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды

Жақында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында алдағы бес жылда қаламыздың болашағы жарқын, экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және келбетті...

9 мамырда мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Ташкентте 9 мамыр күні сағат 21: 00-де Еске алу және құрмет тұту күніне арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы президенттің Жарлығына сілтеме жасап УзА...

Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды

Алматы тұрғындары енді мегаполистегі нысандар құрылысының барысын өздері бақылай алады. Құрылыс процесіне жедел қоғамдық мониторинг жүргізу үшін және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда «Халық бақылаушылары» дереу партиялық бақылау комиссиясына хабарлайды. Жоба «Nur Otan»...

Голливуд жұлдыздары Байденге өтініш жасады

Голливудтың ондаған жұлдызы және басқа да әлемге әйгілі адамдар АҚШ президенті Джо Байденге ашық хат жазып, Бразилия көшбасшысы Жаир Болсонарумен экологиялық келісімдерге қол қоюды...

СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы молайып, Долматово елдімекенінің маңында бір тәулікте 113 см дейін көтерілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасында су...

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды...

Депутат техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін көтерді. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады. «Мемлекет әлеуметтік салаға жіті...

Жамбыл облысында басқарма басшысы тергеуге алынды

Пандемиядан пайда көрді деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бұл...

Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалықтың баласы құтқарылды

Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мәліметінше, кішкентай итбалық орталықта екі аптадай болған. Орталыққа түскен кезде әлсіз, салмағы 4,4 келі ғана болса,...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған...

«Талап етеміз!». Атырау облысында тағы да жер дауы туды

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала ауылының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, -...

Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылысында болды, сондай-ақ велосипед мектебі мен «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер аймағының жобаларымен танысты. Алматы әкімі...

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі...

Мектепке қабылдау жүріп жатыр: Министрлік өтініштерді электронды форматта қалай тіркеу керектігін ескертті

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алты жасар және биыл 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде...

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалған

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жариялады. «Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі...

Марафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді

Марафоншы, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Заңғар Әлкенов Қазақстанның Рекордтар кітабына енді. З.Әлкенов 2020 жылдың қыркүйек айында 1,5 тәулік бойы тоқтамастан жүгіріп, 200 шақырымды құрайтын...

Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды

Петропавлда ұрылар тұрмыстық вагонды эвакуаторға салып әкетіп, бөлшектеп сатып жіберген. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 17 сәуір күні кешке Петропавл тұрғыны полицияға арызданып,...

21 сәуір: тарихтан орын алған маңызды оқиғалар

1925 жылы 21 сәуірде «Қазақ әйелі» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады. Бастапқыда «Әйел теңдігі», «Сталин жолы» деп аталды. 1955...

Боао азиялық форумы: Елбасы бейнеүндеу жасады

Боао азиялық форумының пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеүндеуі көрсетілді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы конференцияның негізгі тақырыбы –...

Жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген (видео)

Барнаулда жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы такси жүргізушінің тамағын пышақпен осып жіберген, деп хабарлайды Life.ru. Барнаул қаласында такси жүргізуші болып жұмыс істейтін 39 жастағы Михаил...

Асабалықпен айналысқан легионер ойыншы қазақстандық жанкүйерлерді таңғалдырды

Футболдан Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Тұран» командасының шабуылшысы Стенли Нкоби «Каспий» клубына қарсы ойында екі гол соғып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанға Нигериядан келген Стенли...

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына министрліктің ақпараттық саясат пен азаматтық қоғамды дамыту...

Карантин: ШҚО аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылды

Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, өңір бойынша карантин 3 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19...

Бауыржан Байбек жылу электр орталықтарының экологияға әсері туралы айтты

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәңірберген Бердіоңғаровқа сұхбат берді. Бұл сұхбатта партия жұмысының жай-жапсары, сонымен қатар Болашақ степендиясы, жер мәселелерімен қатар...

Әуе компаниясы жолаушыларға 20 тілде шығатын 1000-нан астам электронды газет-журнал ұсынады

Air Astana әуе компаниясы MyPress электронды басылым қызметін іске қосты. Жаңа қызмет әлемнің 20 тілінде шығатын 1000-нан астам БАҚ-ты назарға ұсынады. Air Astana-ның Жобалар...

Балалар МӘМС аясында қандай медициналық көмек ала алады? – ТОП-10 сұраққа жауап

- Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу қажет пе? - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық...

Ажалы алтыншы рет президенттікке сайланған күні келді

Чад Республикасының президенті Идрис Деби Итно 68 жасында өмірден озды. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады. Президенттікке алтыншы рет қайта сайланған Итноның қазасына 1970-2000 жылдар аралығындағы...

Сайлауалды бағдарламамыз өңірді кешенді дамытуға бағытталған – Марат Сырлыбаев

Жуырда өткен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Кеңес Бюросының  кезекті отырысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылауға алатын 12 қоғамдық кеңестің құрамы мен төрағалары...

Сайрамдық кәсіпкер тойханасын спорт мектебіне айналдырды

Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты.  Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі...

СҚО-да 246 бастауыш партия ұйымында есеп беру жиналысы басталды

Бір апта ішінде нұротандықтар партия ұйымдарының 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы туралы мәселелерді талқылайды, БПҰ төрағалары мен төрағаларының орынбасарларын, сондай-ақ партияның аумақтық филиалдарының конференциясына делегаттарды...

Биыл докторантурада оқуға қатысты қандай өзгерістер енгізілгені белгілі болды

Докторантураға түсу емтихандары биыл алғаш рет электрондық форматта өтеді. Үміткерлер докторантурада оқуға дайындығын тексеру үшін тест, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан тапсырып, компьютерде...

1 шілдеден бастап халықты құжаттандыруда қандай өзгерістер болатыны белгілі болды

Келесі аптадан бастап ел азаматтары электронды төлқұжаттарын нотариаттық құжаттарын тіркеуде пайдалана алады. Сондай-ақ, нотариальды құжаттар электронды форматқа ауыстырылады, бұл азаматтарға есік қағып жүрмеуге, пошталық...

Шыңғыс Айтматовтың жұбайы дүние салды

Шыңғыс Айтматовтың зайыбы – Мария Айтматова өмірден озды, – деп хабарлайды Кабар агенттігі. «Ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың зайыбы Мария Урматқызы Айтматованың өмірден озуын...

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрлігі малшылар күнін бекіту арқылы сала жұмыскерлерінің беделін арттыруды, оларды көтермелеуді көздеп отыр Sputnik.кz сайтының жазуынша, Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Ауыл...

Жамаубаев биыл коронавируспен күреске бюджеттен 265 миллиард теңге бөлінетінін айтты

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы республикалық бюджет шығындары туралы баяндамасында Қазақстанда коронавируспен күрес шараларына 265 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отырғанын айтты. Қаржы министрінің айтуынша,...