«Дем жетпей жатыр»: Трампқа тықыр таянды ма?

«Дем жетпей жатыр»: Трампқа тықыр таянды ма?

«Дем жетпей жатыр»: Трампқа тықыр таянды ма?
ашық дереккөзі
289
«Дем жетпей жатыр». АҚШ-та полиция қызметкері­нің қолынан қаза тапқан афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған жаппай нара­зы­лық шерулерінің басты ұраны бұл. Құрама штаттардан басталып, әлемнің әр бұрышында жалғасқан ак­ция­лардың мақсаты біреу: нәсілшілдікті жою, аз ұлт­­тарға қатысты әділетсіздікті тоқтату.

 Жалған ақшадан басталған басыну

 Әлем назарын аударған оқиға АҚШ-тың Мин­неаполис қала­сында (Миннесота штаты) болды. Жер­гілікті дүкен кассирі поли­ция­ға те­лефон шалып, клиенттердің бірі жалған банкнотпен есеп айы­рыспақ болғанын хабарлаған. Оқи­­ға орнына көп ұзамай жеткен тәр­тіп сақшылары күдіктінің қо­лына кісен салғаннан кейін офи­церлердің бірі оның желкесін аяғы­мен 9 минуттай басып тұрған. Ты­ныс ала алмай, даусы қарлыққан аф­­роа­мерикалық «Дем жетпей жатыр» деп ыңыр­сыған. Тыныс алуға мұрсат беруін өтінген. Жа­лын­ған. Алайда полицей оның сө­зін құлақ­қа ілмейді. Тіпті, Флойдтың мұрнынан қан ке­тіп, қи­мыл-қозғалысы күрт тоқта­ға­нына қара­мастан, тәртіп сақшысы оны қылқын­дыру­ды жалғастыра берген. Жедел жәрдем жет­кен уа­қытта афроамерикалық өлімал­ды хал­де болыпты. Ақыры­нда Джорд Флойд ауру­ханаға жетпей көз жұм­ды.  width= Көп ұзамай оқиға куәгерлері тү­­сір­ген видео әлеуметтік желіде тарап, офицердің мар­құмға көр­сеткен қорлығын бүкіл әлем көр­ді. Кейіннен оның қайтыс бол­ғаны хабарланған соң, Миннеаполис тұрғындары ереуілге шы­ғып, би­ліктен нәсілшілдікті тоқтатуды тал­ап етті. Ашу мен ыза бүкіл ел аумағын шарпып, АҚШ-тың 140-тан астам қаласында халық көшеге шығып, «Дем жетпей жатыр», «Қара нәсіл­ділердің өмірі маңызды» (Black Lives Matter) деп ұрандатты. Кейбір қалаларда нара­зылық шерулері жаппай тәртіпсіздікке ұласып, полиция тонаушылық пен қарақшылықты ауыздықтай алмай әлекке түсті. 40-қа жуық қалада коменданттық сағат енгізіліп, кейбір штаттардағы ереуілдерді басуға Ұлттық гвардия әскерлері жұмылдырылды. Наразылық шерулері АҚШ аумағымен шек­телмей, әлемнің түкпір-түкпірін­де Black Lives Matter қозғалысын қолдаушылар көбейді. Ұлыбританияда демонстрациялар Лондон, Манчестер, Кардиффе қалаларында өтті. Лондонда шеруге шыққандар тізе бүгіп: «Әділдік жоқ, бейбітшілік жоқ!» деп ұран­дат­ты. Коронавирус жұқтыру қаупіне бай­ла­нысты үкімет халыққа топ болып жиналмау қажетін ескерткенімен, демонстранттар бұл ескертуді құлаққа ілмеді. Кейбіреулер «COVID-19-дан да жаман вирус бар, ол – нәсіл­шіл­дік» деген жазуы бар плакаттар кө­теріп жүрді. Шерулердің барлығы бейбіт өтті. Алайда кешке Даунинг-Стриттегі премьер-министр резиденция­сы­ның жанында на­разылыққа қатысушылар мен полицияның ара­сында қақтығыстар болды. Соңғы мә­лі­меттер бойынша, акциялар кезінде кем де­ген­де 23 полиция қызметкері жапа шеккен.  width= Франциядағы нәсілшілдік пен по­лицияның зорлық-зомбы­лығына қарсы акцияларға 20 мыңнан астам демонстрант қатысты. Лилль қала­сының полициясы сенбіде нара­зылық білдіру­ші­лерді тоқтату үшін көзден жас ағызатын газды қолданған. Германия астанасы Берлинде нә­сіл­шілдікке қарсы шеруге 15 мың­ға жуық адам қатысқан. Жергілікті БАҚ-тың ха­барлауынша, Алексан­дерплацтың орта­лық алаңындағы «Үнсіз наразылық» ак­циясы бейбіт және по­лициямен еш қақ­тығыссыз өтті. Акцияға қатысу­шы­лардың көпшілігі қара түсті киініп, асфальтта 8 минут 46 секунд үнсіз отырды. Полиция қызмет­кері афроамери­калық Джордж Флойдты тізесімен дәл осынша уақыт тұншық­тырған еді.

 9 минуттық қорлық – 40 жылдық қамау

Джордж Флойдты өлтірген полицей Дерек Шовинге бастапқыда үшінші дә­режелі кісі өлтіру дерегі бойын­ша айып тағылған. Кейіннен Миннесота шта­тының прокуратурасы сот ісін екінші дәрежелі кісі өлтіру дере­гі бойынша өз­гертті. Сонымен қатар ел бойын­ша жап­пай митингке әкеліп соқ­қан оқиға барысында қызметте бол­ған өзге үш полицей де қамауға алынды. Олар­ға «арандатушылыққа барып, адам өл­тіруге көмектесті» деген айып та­ғыл­ды. АҚШ-та екінші дәрежедегі кісі өлі­міне қатысты айып бойынша оқиға қа­­­сақана жасалған әрекет деп саналмаса да, адам өміріне әдейі зиян келтіру не­месе немқұрайлық салдарынан адам өлтіру фактісі деп есептеледі. Бұл айыптау бойынша бұрынғы полиция қыз­мет­кері Дерек Шовинге 40 жылға дейін бас бос­тандығынан айыру жазасы берілуі мүм­кін. Прокуратура келтірген мәлімет­терге сәйкес, Флойдты тұтқын­дау кезінде Шовиннің жанында болған өзге полиция қызметкерлерін де ұзақ мерзімге абақтыға қамау және қомақты айып­пұл салу жазасы күтіп тұр. Оларды сотқа дейін тұтқыннан босатудың кепілдік сомасы – 1 миллион АҚШ доллары. Джордж Флойдтың өлімінен соң АҚШ-та тәртіп сақшыларына де­ген өшпенділік артты. Наразылық шеру­лері кезінде бірнеше қалада полицейлерге шабуыл жасалды, тас атылды. Тәр­тіп сақшыларына оқ атқандар да бар. Бұл туралы Нью-Йорк полициясында жұмыс істейтін отандасымыз Димаш Ниязов айтты. «Бұл бүлік полицейлерге қарсы өшпенділік тудырды. Сондықтан әріптестерімізге жасалған шабуылдар жиі­леп кеткен. Ереуілшілер оларға тас, кір­піш, жандырғыш қоспасы бар шөл­мек лақтырды. Таяуда 3 офицерге оқ атыл­ды. Тағы біреуіне пышақпен шабуыл жасалды. Абырой болғанда, бәрі тірі қалған. Олар ауруханада ем қабыл­дап жатыр. Қазір тұрғындар бізге қоңы­рау шалып шақырғанда екі полиция кө­лігімен баратын болдық. Өйткені кей­біреулер бізді әдейі тосып, шабуыл жа­сауға дайындалып отырады», – дейді Ди­маш.

 Black Lives Matter:  Қозғалыс неден басталды?

Афроамерикалықтар ондаған жыл­дар бойы құқыққорғау ор­ган­­дары тарапынан көрсетілетін қы­сас­тыққа шағымданып келеді. Тәртіп бұзу­шыны тұтқындау, жазалау кезінде нә­сілшілдікке жол берілетіні, терісінің тү­сіне, ұлтына, дініне қарай бөле-жару, ала­лау жылдар бойы жалғасып келе жат­қаны жиі айтылады. Бүгінде афроамерикалықтар АҚШ тұрғындарының небары 13 пайы­зын құрағанымен, олардың жазасын өтеушілер арасындағы үлесі 60 пайыз­ға жетіп отыр. Washington Post ба­сылымының дерегінше, полицейлер қо­лынан қаза тапқандардың 26 пайызы – қара нәсілділер. Ал тәртіп сақшылары өл­тірген қарусыз адамдардың үштен бірін афроамерикалықтар құрайды екен. Алайда афроамерикалықтарға шамадан тыс қысым көрсеткен, өліміне себепші болған ақ нәсілді полицейлер көп жағдайда жазықсыз деп танылады. Тәр­тіп сақшыларының кінәсін дәлел­дей­тін дәйектің көптігіне қарамастан, жа­задан жалтарып кеткендері көп. Бұл қара нәсілділер арасында америкалық құ­қық қорғау жүйесінің әділдігіне се­німді азайтты. «Мұндай оқиғалардың жиілеуі және айыптылардың жазасыз қалуы – аф­роамерикалықтарға берілген белгі: қара нә­сілділердің өмірінің құны жоқ», – деді өкіл­дер палатасының Демократиялық па­р­тия атынан мүшесі Джерри Надлер АҚШ конгресіндегі полицейлер тәжі­ри­бе­сі жөніндегі ашық тыңдауда. Надлер 2013 жылы болған оқи­ғаны еске салды. Осыдан 7 жыл бұрын Флорида штатында қара нәсілді бозбаланы өлтірген 28 жастағы полицей Джордж Циммерман жазықсыз деп та­нылған-ды. 17 жастағы Трейвон Мартин қарусыз болған, алайда тәртіп сақшысы өзімді-өзім қорғадым деген желеумен кү­діктіге оқ атқан. Соттың Циммерманды сүттен ақ, судан таза деп тануы АҚШ-та «Қара нәсілділердің өмірі маңызды» (Black Lives Matter) қозғалысының құрылу­ына түрткі болды. 2014-2016 жылдар аралығында қарусыз афроамерикалықтардың бір­неше мәрте полицейлер қолынан қаза табуы адамдардың жаппай көшеге шығып, наразылық білдіруін жиілетті. Наразылық акцияларының соңы көп жағ­дайда бұзақылыққа ұласып, тұрғын­дар мен полицейлер арасындағы қақты­ғыспен аяқталып жатты. Флойдтың өлі­мі секілді оқиғалардың көпшілігі ви­деожазба арқылы көптің назарына ілініп, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мәселен, 2014 жылдың шілдесінде Нью-Йоркте полиция темекі өнім­дерін заңсыз саудалады деген кү­дікпен Эрик Гарнер есімді күдіктіні ұст­аған. Қарусыз афроамерикалықты тұт­қындау сәтін сол маңнан өтіп бара жат­қандар видеоға түсіріп алған. Әлеу­меттік желілерде тараған бейнежазбадан 43 жастағы күдіктіні полицейлердің бірі жерге құлатып, тұншықтыру әдісін қолданғанын көруге болады. Гарнер дем ала алмай жатқанын айтып, тыныс жо­лын босатуды өтінген. Күдіктінің өті­нішін елемеген полицей ақыры оны өл­тіріп тынды. Алайда жазықсыз деп танылып, жазадан жалтарып кетті. Гарнердің өлімінен кейін небары бір ай өткен соң Миссури шта­тын­дағы Фергюсон қаласының полициясы қара нәсілді жасөспірім Майкл Браун­ды атып өлтірді. Браун қарусыз бол­ған, бірақ оған оқ атқан тәртіп сақ­шысы өзін-өзі қорғауға мәжбүр бол­ғанын айтып ақталған. Сот оның сөзіне шүбә келтірген жоқ. Мұндай оқиғалардан кейін АҚШ-та үлкенді-кішілі ереуілдердің болуы өткен ғасырдың соңынан бері қалыпты құбылысқа айналғандай. Алайда Джордж Флойдтың өлімінен соң Құрама штаттардың шекарасынан асып, әлемнің бірнеше мемлекетін шарпыған әрі ұзаққа созылған шерулерден соң Американың ақ жағалылары әрекетке көшу керегін түсінгендей. Бірнеше штат пен қала басшылары мұндай қайғылы жағдайдың қайталануына жол бермейтін шаралар қабылдауға уәде берді. Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо тәртіп сақшыларына тұн­шық­тыру әдісін қолдануға тыйым салмақ. Ал Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом полицейлерге мұндай әдіс­ті үйретуді тоқтатуға пәрмен беретінін айтты. Портленд мэрі Тед Уилер құқық қорғау органдарына бейбіт шерулер кезінде көзден жас ағызатын газ қолдануға тыйым салды. Сиэтлдың мэрі Дженни Деркан да дәл осындай шешім қабылдапты.

 Трамп «ұпай»  жинай алмады

Әр штат, қала басшылары тұрақ­ты­лықты қалпына келтірудің жолын іздеп, ашынған жұртты сабасына түсірудің қам-қарекетін жасап жатқанда Ақ үй басшысы, керісінше, отқа май құйып, толқуларды келіссөзбен емес, күш­пен басып-жаншуға үндеді. Трамп­тың ереуілге шыққандарды тарқа­туға ел әскерін жұмылдыру қажеттігі туралы мәлімдемесі ел саясаткерлерінің қарсы­лығын тудырды. АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Дональд Трампты қоғамды қасақана жікке бөлгісі келеді деп айыптады. Экс-министрдің пікірінше, ереуілдерді күшпен басу – билікті асыра пайдалану. Мэттис америкалық құндылықтарды қорғау үшін көшеге шығып, өз талаптарын қойған наразы топты қолдайтынын жеткізді. Джеймс Мэттис 2018 жылы Трамптың АҚШ әскерін Сириядан шығару туралы шешімінен соң, өз еркім­ен отставкаға кеткен. Одан кейін елдегі жағдайға араласып, қандайда бір мәселе жөнінде пікір білдіріп көрген емес. Сондықтан оның өткен аптада The Atlantic журналында жарық көрген сыни пікірі көптің назарын аудармай қоймады.  width= «Дональд Трамп – мен көрген прези­денттердің ішінде қоғамды біріктіруге тырыспайтын ең алғашқысы. Ол тіпті бірік­тіруге тырысқан түр де танытпайды. Керісінше, бізді бөліп-жаруға күш салуда. Соңғы үш жылда біз оның осы бағыттағы мақсатты іс-әрекеттерінің салдарын бақылап отырмыз», – дейді Мэттис. Экс-министрдің сынына жауап ретінде Ақ үй басшысы Мэттисті «асыра бағаланған генерал» деп атады. Twitter-де бірнеше пост жазған Трамп бұрынғы министр отставкаға өз еркімен кет­пегенін, генерал қызметінен пре­зиденттің пәрмені бойынша қуылғанын мәлімдеді. «Маған оның басқару тәсілі ұнамайтын, жалпы, ұнамды тұсы аз еді. Бұл тұрғыда менімен көп адам келіседі. Оның жоғалып кеткеніне қуаныш­тымын», – делінген желідегі жазбалары­ның бірінде. АҚШ-тың бұрынғы президенттері де елдің түкпір-түкпірін шарпыған тол­қуларға қатысты пікір білдіріп, Трамп­тың ұстанымын қолдамайтын­дарын айқын аңғартты. Барак Обама бұл ереуілдерді өмірінде көрген ең байыпты шерулер деп атады. Экс-президент аме­рикалықтарды осы мүмкіндікті пайдаланып, қоғамның дертіне айналған түйткілді шешуге шақырды. «Көбіне сізге қызмет етуі және қор­ғауы тиіс адамдар, керісінше, зорлық-зом­былық көрсетеді. Бір нәрсені білген­де­ріңізді қалаймын: сіздер, сіздердің өмірлеріңіз, армандарыңыз маңызды», – деді ол. Барак Обама Трамптың іс-әреке­ті­не қатысты пікір білдірген жоқ, бірақ қала басшыларына күш қолдануға қатысты ұстанымдарын қайта қарауды ұсынды. Ал Джордж Буш Флойдтың өлімін елде нәсілшілдікті таратқан жүйенің құрдымы деп атап, өзінің партияласы Дональд Трампты наразылық шерулерін күшпен басудың орнына ереуілшілердің талабына құлақ түруге шақырды. «Өзіңнің шын бейнеңді көрудің жал­ғыз жолы – жаны ауырғандардың, қай­ғырғандардың үніне құлақ түру. Бұл дауыстарды өшіруге тырысқандар Аме­ри­каның не екенін түсінбейді және оның қазіргіден де күшті бола алатынын елегісі келмейді», – делінген Буш­тың мәлімдемесінде. Бұл оқиға күзде өтетін президент сайлауы қарсаңында «ұпай» жи­нау­дың қамымен басы қатып жүрген Трамптың «оң жамбасына» келе қой­ма­ды. Тақ үшін таласта жеңіске жету үшін Ақ үй басшысы тағы қандай «өнер» көр­сетер екен?!.  

Серіктес жаңалықтары