Танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден өтті.
Ол ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында еңбек етіп, бірнеше сериялы деректі фильмдер мен арнайы репортаждар түсірді.
Азат Рыстанбектің соңғы жылдары «Qazaqstan» телеарнасынан шыққан Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмі, «Русафа: Маңызды миссия» арнайы жобасы, Германияның Бухенвальд және Цайтхайндағы әскери тұтқындарды жаппай қамау орындарынан дайындаған арнайы репортажы көрерменнің кең талқысына ие болды. Бұл жобалардың барлығы Корпорацияның «Алтын қорында» сақталады.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұжымы атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз.