Қазақстан УЕФА турнирлерінің финалдарын елде өткізуге дайын екенін мәлімдеді

/
Қазақстан УЕФА турнирлерінің финалдарын елде өткізуге дайын екенін мәлімдеді
UEFA

2028 және 2029 жылдары УЕФА клубтық турнирлерінің финалдарын өткізуге он бес ұлттық қауымдастық қызығушылық танытты. Бұл туралы УЕФА баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан 2028 және 2029 жылдары УЕФА Конференция лигасының финалын Астанадағы "Астана Аренада" немесе Алматыдағы "Алматы Аренада" (нақты қала мен стадион өтінім бергенде анықталады) өткізуге ниет білдірді.

"УЕФА 2028 және 2029 жылдары УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы және әйелдер Чемпиондар лигасы финалдарын өткізуге он бес ұлттық қауымдастықтан қызығушылық туралы өтінімдер алғанын растайды. Қызығушылық туралы өтінімдер міндеттемелер жүктемейді, ал түпкілікті ұсыныстар өтінім құжаттамасымен бірге 2026 жылғы 10 маусымға дейін тапсырылуыға тиіс", – делінген ұйым хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары