Қарағанды облысындағы ұлттық парк аумағында орнатылған фототұзаққа Қазақстан даласының сирек мекендеушісі — Қызыл кітапқа енгізілген арқар түсіп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кадрларды "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық паркінің "Белодымовский" филиалы жариялады.
"Суретте арқар табиғат аясында еркін тұрғандай, бұл жердің нағыз иесіндей көрінеді", – делінген жазбада.