«Балаларды өзің асыра»: Белгілі актердің экс-әйелі оған бойкот жариялауға шақырды

/
«Балаларды өзің асыра»: Белгілі актердің экс-әйелі оған бойкот жариялауға шақырды
Әлеуметтік желіден

Белгілі актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі Фариза әлеуметтік желідегі парақшасында оған бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ажырасқалы осы 1 жыл 8 ай ішінде, балаларым үшін, балаларымның әкесі деп қарап, намысына тиетін сөз, артық әнгіме айтпаппын, тіпті жауап бермеймін, өзі бастап жазып, өзі аяқтайды. Барлығын бір Аллаға тапсырдым деп жүре беріппін. Бірақ менің үндемегенімді ол "әлсіздік" деп қабылдаған сияқты.

Менің жеке басыма ғана тиіспей, өзінің туған балаларына, менің әке шешеме, әулетіме тіл тигізіп, қатты шектен шығып жатыр. Қаншама рет жала жапты, өтірік левый аккаунттармен өзіне жазып, соны халыққа шығарып мені жамандауын қояр емес. Халық болып бір ауыздан аты өшетіндей, бойкот жариялағым келеді. Барлықтарыңыздың қолдауларыңыз мен үшін маңызды!», - деп жазды ол. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары