Алматы тауларында екі жасөспірім құтқарылды

/
Алматы тауларында екі жасөспірім құтқарылды
ТЖМ

Алматы қаласында құтқару қызметінің мамандары Медеу ауданындағы Шүкір сарқырамасында өз бетінше түсе алмай қалған екі жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға теңіз деңгейінен шамамен 2300 метр биіктікте болған. Құтқару жұмыстарына «БАУ» коммуналдық мекемесінің экипажы тартылды. Мамандар жасөспірімдерді тауып, оларды қауіпсіз жерге дейін жеткізді.

Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ, олар өз бетімен үйлеріне қайтқан.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тауға серуенге шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды және төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарлауды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары