Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4,1 миллионнан асып жығылды

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 4 100 609 адамға жетті. Джонс Хопкинс университеті жариялаған соңғы дерек осындай. 

Індетке шалдыққандар саны жөнінен Америка Құрама Штаттары көш бастап тұр. Онда науқастар саны 1,3 миллионнан асқан. Ал көршілес Ресей аталған тізімде бесінші орынға көтерілді. Елдегі науқастар саны 198 676 адамды құрайды.

Worldometer мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша қатерлі індеттен көз жұмғандар саны 280 мыңнан асты. Ал аурудан жазылып шыққан науқастар саны – 1 439 842.

Айта кетейік, Қазақстанда 5036 адамнан коронавирус анықталды. 1766 адам дертінен айықса, 31 адам көз жұмды.

 

Back to top button