Президенттік институт – мемлекеттілік тірегі

Президенттік институт – мемлекеттілік тірегі

Президенттік институт – мемлекеттілік тірегі
ашық дереккөзі
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұң­ғыш рет президенттік инс­титут құры­лып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті бо­лып сайланды. Бұл ай­тулы оқи­ға Қазақстанның мем­лекеттілігі мен еге­мендігінің нығаюында, сондай-ақ елі­міздің та­бысты дамуында  маңызды рөл атқарған пре­­зиденттік институттың қалыптасуының бас­тамасы бол­ды.

***

Басқарудың заманауи жүйе­сін қалыптастыру, оның содан кейін­гі жаңғыртылуы, әлеум­ет­тік жә­­не экономикалық даму­дың түр­­лі кезеңінде мемлекет ал­­д­ын­­да тұрған міндеттер спектрі­­нің өз­герістеріне бейім­делуі – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың зор еңбегінің нә­­тижесі. Бұл үдерістің өзіндік ерек­­шелігі – оның кеңестік сая­си жүйенің өзінде басталып, кейін­нен тәуелсіз Қазақстан жағ­­­дайында әбден пісіп-жетілуі. Тарих көрсеткендей, мем­ле­­­кеттік билік қызметінің Кеңес Ода­ғында және со­циа­­­лис­­­тік жүйе елдерінде қол­да­нылған пар­тиялық-мем­ле­кеттік тетігі жаһан­дық эко­­­­номикалық, әлеу­мет­тік жә­не саяси міндеттерді ше­шуге қа­білетсіздігін байқатты әрі қо­ғамдық даму жолындағы ке­дер­гіге айналды. Сөйтіп, 1990 жылдардың ба­сына қарай республика өмірінде Ко­мпартияның басқарушы рө­лінен айырылуы салдарынан би­лік жүйесінде вакуум пайда бол­ғаны айқындала түсті. Бұ­рынғы билік институттары мен құрылымдары, кеңестік әкім­ші­лік-командалық жүйенің сар­қын­шақтары қоғам құры­лы­мы­ның жаңа түрінің талабына сай бола алмады. Жоғары, атқарушы жә­не заң шығарушы биліктің фун­кцияларын бойына жи­нақ­таған, Жоғарғы Кеңес бастап тұр­ған депутаттар кеңесінің ар­хаикалық жүйесінің толыққанды бас­шылықты қамтамасыз етуге талпыныстары сәтсіз болып шық­ты. Әбден тығырыққа тіре­ліп, барынша тез және тиімді ше­шуді талап ететін түйткілдің көп­тігінен туындаған әлеуметтік ши­рығыс шегіне жеткенін көр­сеткен митингілер, ереуілдер, бас­қа да жаппай белсенді қар­сы­лық көріністері сол жыл­дар­дың шынайы сипатына айнал­ды. Басқарудың ескі моделінің кем­шіліктері – төрешілдік, бі­лік­сіздік, органдар мен лауа­зым­ды адамдардың жеке жауап­кер­шілігінің жоқтығы айқын кө­рініп тұрды. Басқару жүйе­сі­нің бұрынғы құрылымын өзгер­ту ғана елге қажетті серпін бере ала­тынын түсінген Нұрсұлтан Назарбаев  билік тармақтарын айқын жіктеп, бөлісу қағидатын енгізу ісімен белсене айналысты. Сол күш-жігердің арқасында бір­тіндеп елде пәрменді пре­зи­денттік билік, екі палаталы кәсі­би парламент және тәуелсіз сот жүйесі түріндегі негізгі саяси инс­титуттар қалыптаса бастады. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымының бел­­гіленуі республикадағы сая­си билік трансформациясының түп бастауы болды. Ол кезге дейін Нұрсұлтан Назарбаев кеңес­тік Қазақстанның жоғары пар­тиялық жә­не шаруашылық лауа­зым­да­рында табысты жұ­мыс тәжірибесі жет­кілікті, мойындалған көш­бас­шы­сына ай­налған-ды. Респуб­лика халқы ара­сында ол кеңінен та­ны­лып, биік беделге ие болған еді, сон­дық­тан оның Қазақ КСР Пре­­зиденті лауазымына бала­ма­сыз тағайындалуы дау тудырған жоқ.  Бұл таңдау республиканың бас­қарушылық құрылымында қа­жеттігі объективті себептерден туын­даған жаңа мемлекеттік инс­титуттың пайда болғанын көр­сетіп берді. Ең алдымен ай­тар нәрсе, әлемдегі саяси үде­ріс­тер тәжірибесі қилы кезеңдерде биліктің шоғырлануын арттыру арқылы мемлекет өз рөлін ай­тар­лықтай күшейтетінін аң­да­тады. Кезектен тыс міндеттерді же­дел шешу үшін оның функ­ция­лары мен өкілеттіктері кеңейтіледі. Қазақстанға қа­тыс­ты алғанда әңгіме халықтың тұр­мыс деңгейі күрт төме­н­деуі­не, әлеуметтік  бағыттан ауыт­қу­ға және басқа да көптеген күр­делі түйткілге әкеліп соқ­тыр­ған жүйе дағдарысын бастан өт­керген қоғамды тұрақ­тан­ды­рып, нығайта алатын мемле­кет­тік құрылымның жаңа формасы жө­нінде еді. Жұмылдырушы фактордан бас­қа да жайттар өте өзекті бол­ды. Атап айтқанда, нақты еге­мен­­дікті, стратегиялық жос­пар­лау ісін жүзеге асыру және көз­де­ліп отырған өзгерістерді жа­сау, тиімді сыртқы саясат қа­лып­тастыру қажеттігі туындаған еді. Бұ­дан бөлек, халықтың көп­ұлт­ты және көпконфессионалды құра­мы, республика аумағының ора­сан кеңдігі, Семей ядролық по­лигоны мен Арал төңірегі, тағы басқа да сондай ауқымды экологиялық апат аймақ­та­ры­ның болуы өте маңызды мәселе саналатын. Қажетті билік өкілеттіктері бар президенттік институт қана бас­қарудың қалыптасу үстіндегі жаңа моделінің орнықтылығын, саяси және экономикалық тұ­рақ­тылықты қамтамасыз ете ала­тын. Экономикалық бейбе­ре­­­кеттік, түбегейлі саяси, әлеу­мет­тік, мәдени өзгерістер, құ­қық­тық нигилизм, пайда болып жатқан саяси партиялар инсти­туты­ның әлсіздігі жағдайында тран­зит кезеңіндегі Қазақстан үшін президенттік басқару фор­масының таңдалуы бірден-бір дұрыс шешім еді. Тұтастай алғанда, прези­дент­­тік институт егемен Қазақ­стан­­ның бүкіл мемлекеттік бас­­қару құ­рылымының негізгі  ті­регіне ай­налды. Оның қалып­тасуы ха­лық депутаттары кеңес­терінің то­лық билігі қағидатына негіз­делген кеңестік республи­ка­дан билікті тармақтарға бөлуді қа­рас­тыратын президенттік рес­публикаға көшудің жалпы үде­рісі аясында өтті. Аталған қағидат алғаш 1990 жыл­­ғы қазанда Нұрсұлтан Назарбаев­тың қажырлылығы­ның арқасында қабылданған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік еге­мендігі туралы» декларацияда бе­кітілді. Оның ережелеріне сәй­кес, сол кездегі Жоғарғы Кеңес – биліктің заң шығарушы тар­мағының, Президент – бас­қарушылық-атқарушылық тар­мағының, ал Жоғарғы Сот – сот билігінің қызметін атқаратын. Сайлау жүйесін реформалау да сол кезде басталды. Мәселен, 1991 жылғы 16 қазанда «Қазақ КСР Президентін сайлау тура­лы» заңның қабылдануы арқа­сын­да Мемлекет басшысын жаңа­ша – бүкіл халықтың дауыс беруі арқылы сайлау тәртібі бе­кі­тілді. 1991 жылғы 1 желто­қ­сан­да сайлаушылардың 88,2% қа­тысқан Қазақстандағы ал­ғаш­қы осындай бүкілхалықтық сай­­­­­­лауда Нұрсұлтан Назарбаев 98,8% дауыспен сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 20 қарашада қабыл­да­ған «Мемлекеттік билік пен Қа­зақ КСР-інің басқару құры­лы­мын жетілдіру,  Қазақ КСР Конс­титуциясына (Негізгі Заңы­на) өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» заң ая­сын­да Президент бір мезгілде рес­публика басшысы, биліктің ат­қарушы және басқарушы ор­ганының да басшысы болды. Президенттік институтты одан әрі нығайту Қазақстанның еге­­мен мемлекет ретіндегі да­муы жағдайында іске асы­рыл­ды. Мәселен, Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің мәртебесі ал­­ғаш рет конституциялық  дең­гей­де белгіленді. Аталған ереже 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қа­зақстан Республикасының мем­лекеттік тәуелсіздігі туралы» конс­титуциялық заң арқылы бе­кітілді. 1992-1993 жылдары жергілік­ті әкімшіліктер мен ескі жүйедегі кеңестік депутаттардың бір-бі­рі­нің қызметін қайталауын, бә­секелестігін жою қажеттігінен туындаған президенттік билік­тің қалыптасу үдерісі жүріп жат­ты. Бұрынғы атқару комитеттері жаңаша құрылды. 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және атқару органдары туралы заңға сәйкес, жергілікті әкімшіліктер басшылары пайда болды. Жергілікті жаңа өкілді орган – мәслихат құрылды. Алайда президенттік және пар­ламенттік басқару форма­сы­ның қайсысы дұрыс екені жө­нінде пікірталас, Жоғарғы Кеңес­­тің бірқатар бақылау функ­циясын Президентке бергісі келмеуі билік өкілеттіктерін бөлу мәселесінде айтарлықтай қиын­дық туындатты. Сөйтіп, Пар­ла­мент пен Президенттің өкілет­тігін нақты айқындау мәселесі айрықша маңызға ие болып, ке­зек күттірмес сипат алды. Мәселен, 1993 жылғы Конс­ти­­­туция аясында Қазақстан Рес­публикасының Президенті Мемлекет басшысы ретінде ат­қару­шы биліктің біртұтас жүйе­сіне басшылық етті. Үкімет Ми­­­нистрлер кабинеті атынан Пре­зидент алдында да, Жоғарғы Кеңес алдында да жауапкершілік арқалады. Өз кезегінде бұл ор­ган өз бетінше Конституцияға өз­герістер мен толықтырулар қа­былдап, енгізу, референдум ту­ралы шешім қабылдау құқы­ғын иеленді, сондай-ақ рес­пуб­лика Президентінің  мемлекеттің Премьер-Министрі мен басқа да жоғары лауазымды тұлға­ла­рын тағайындауына келісім бе­ретін болды. Жоғарғы Кеңеске би­лік өкілеттігінің мұндай шек­тен тыс шоғырландырылуы би­лікті бөлу қағидатына қайшы келетін. 1993 жылғы Конс­титу­ция ережелерінің олқылығы, соның ішінде онда биліктің заң шы­ғарушы және атқарушы тар­мақтары арасындағы қақ­ты­ғыс­тың түйінін шешу тетіктерінің, Қа­зақстан қоғамын дамыту ба­сым­дықтары мен мақсаттары­ның болмауы саяси тұрақсыздық ахуа­лын тудырды. Іс жүзінде қос билік көрінісі шынайы жағдайға айналып, сол тұста қолданыс­та­ғы президенттік билік верти­ка­лымен қатар Кеңес құрылымы да сақталып қалды. Мұндай қайшылықтар мен белгісіздіктер 1995 жылғы 30 та­мызда бүкіл ел халқының 90,6%-ы қатысқан жалпыұлттық ре­ферендумда мақұлданған жаңа Конституцияда түбегейлі жойылды. Референдумға қа­тысушылардың 90%-ы жаңа Конс­титуцияға дауыс берді. Оны алдын ала талқылау кең және ашық түрде өтті:  30 мың­дай ескертпе және  ұсыныс тү­сіп, Негізгі Заң мәтініне 1 100-ден астам  түзету енгізілді. Жаңа Ата заңға сәйкес, Қазақстан хал­қы – биліктің бірден-бір қай­нар көзі, ал қоғамдық келі­сім, саяси тұрақтылық, эконо­ми­калық даму, Қазақстан пат­риотизмі, мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелерін демок­ра­тия­лық жолмен шешу үрдісі мем­лекеттіліктің негізгі қағи­даты болып жарияланды. Аталған құжатқа сәйкес, Қа­зақстанда басқарудың пре­зи­денттік формасы орнығып, би­лік өкілеттіктерін бөлу тетігінің өз­геруіне жол ашты. Президенттік институт саяси жүйе­нің орталық буынына ай­на­лып, биліктің өзге тармақтары үс­тіндегі саяси-құқықтық қон­дырма қызметіне  ие болды. Мұ­н­дай жоғары мәртебе олардың өзара тиімді іс-әрекетін қамта­-ма­сыз етіп, Мемлекет басшы­сы­на жо­­ғарғы арбитр, Конс­титу­ция­ның, адамның және аза­мат­тың құ­қығы мен бостандығының ке­пілі болуы­на мүмкіндік туғыз­ды. Үкімет атқарушы органдар жүйесіне басшылық етіп, олар­дың қызметіне жетекшілік жа­са­ды және дербес басқару ше­шімдерін қабылдады. Пре­зи­денттің Үкіметті жасақтаудағы, оның қызметінің стратегиялық бағытын айқындаудағы басым артықшылығы да, сондай-ақ Үкіметтің Президент алдындағы есептілігі де сақталып қалды. Конституцияда демократиялық жаңғырудың бағдары айқын­далып, билікті бөлісу қағидаты бе­кітілді және шектеулер мен ара­салмақтар тетігі нақтыланды. Бұл Конституция аясында бұ­рынғы Конституциялық Сот­ты алмастыратын жаңа мемле­кет­тік орган – Конституциялық Кеңестің мәртебесі бекітілді. Қа­зақстан Президенті Н.Назарбаев­тың пікірінше, «пре­­­зиденттік басқару формасы жағдайында Конституциялық Кеңес – Конституцияның заң­дылығын сақтайтын органның мейлінше оңтайлы моделі. Ол елде қолданылатын заңнамалық актілердің сапасына кепілдік беретін өзіндік бір қосалқы сүзгі қыз­метін атқаруы тиіс. Бұл ретте ол саяси дау-дамайдан сырт тұ­рады». Бұдан бөлек, жаңа  Конс­титуция арқылы жергілікті өзін-өзі басқару институты мойын­далды, ал бұл жергілікті деңгейде шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Негізгі Заң мемлекеттік би­лік­тің әр тармағының қызмет са­­­ласын нақты айқындап бер­ген­діктен, оның тиімділігін арт­тыруға септігін тигізді. Жаңа Конс­титуция Қазақстандағы сая­си үдерістің тұрақтану ке­зеңі­нің айқындалуына, оның әрі қа­рай сындарлы бағытта да­муына мүмкіндік туғызды. Бұл жайт Президенттің 1997 жылғы «Қазақстан–2030: Өркендеу, қауіп­сіздік және барша қа­зақ­стандықтардың әл-ауқатының жақсаруы» атты Жолдауында көрініс тапқан  ұзақмерзімді ст­ратегиялық жоспарлау жұ­мы­сын зерделеуге мүмкіндік берді. Бұл стратегиялық құжат Мем­ле­кет басшысының содан кейінгі бір­қатар Жарлығы арқылы тия­нақ­талып, оның әр жылғы Жол­дауы не­гізінде  нақтыланды және Үкі­меттің бағдарлама­сы­мен қам­тамасыз етілді. Қа­зақ­стан сол күрделі әлеуметтік-эко­но­ми­калық трансформация жағ­­дайының өзінде-ақ тек ағым­­дағы мәселелерді ғана шешумен шек­телмей, алдына мақ­сат қойып, болашақтағы даму ба­сым­дықтарын белгілеген пост­кеңестік кеңістіктегі елдер ара­­сын­дағы санаулы мемле­кет­тің бірі­не айналды. Жалпы алғанда, пәрменді пре­зиденттік билік моделінің қа­лыптасуы арқасында ең басты көздеген мақсатқа – елді 1990 жылдардың ауыр дағдарысынан алып шығуға және оны жаң­ғыртудың жүйелі шараларын жү­зеге асыруға қол жетті. Мә­се­лен, Жоғарғы Кеңестің қыз­ме­ті тоқтағаннан кейін 1995 жылғы нау­рызда Қазақстан Президенті өз мойнына уақытша қосалқы өкілеттік жүктеді. Соншалық қиын кезеңде ел тағдыры үшін орасан зор тарихи жауапкершілік алған Нұрсұлтан Назарбаев тығыз мерзім ішінде қажетті заңнамалық базаның қалып­тасуына мүмкіндік туғыза оты­рып, өзінің бар күш-жігерін, бас­қарушылық тәжірибесі мен бі­лімін реформалар барысында же­делдетуге жұмсады. Президенттің өкілеттігін ұзар­ту мәселесі бойынша 1995 жыл­ғы 29 сәуірде өткен рес­пуб­ли­калық референдум қоры­тын­дысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары мен саясатын қоғамның өте жоғары деңгейде қол­дап отырғанын көрсетіп бер­ді. Н.Назарбаевтың өкілеттігін ұзар­ту үшін 7 932 834 адам не­месе референдумға қатыс­қан­дардың 95,46%-ы дауыс берді. Қа­зақстандықтар ауқымды жаңа­рулар үдерісінде саяси тұ­рақ­тылықты сақтаудың маңыз­дылығын сезіне отырып, жүр­гізіліп жатқан рефор­малар­дың елеулі нәтижелеріне куә болды. Бұдан кейінгі жылдары Тұң­ғыш Президенттің саяси бағы­тына халықтың көрсеткен қол­дауы тек нығая берді, елдегі Пре­зидент сайлауының бәрінің нә­тижесі соның жарқын дәле­ліне айналды. Мысалы, 1999 жылғы 10 қаң­тар­да өткен сайлауда Н.Ә.Назарбаевқа 5 846 817 адам не­­месе сайлауға қатысу­шы­лар­дың 79,78%-ы дауыс берді. 2005 жыл­ғы 4 желтоқсандағы сай­лауда Н.Ә.Назарбаевқа өз дауы­сын 6 147 517 адам немесе дауыс бе­руге қатысқан сайлаушы­лар­дың 91,15%-ы берді. 8 279 227 адам қатысқан 2011 жылғы 3 сәуірдегі Президент сайлауының қорытындысы бойынша, сайлаушылардың 95,55%-ы Н.Ә.Назарбаевқа дауыс берген. 2015 жылғы 26 сәуірде өткен Н.Ә.Назарбаев қатысқан кейінгі Президент сайлауы оның мем­лекеттік қызметін қоғамның қол­дауының деңгейі жоғары еке­нінің көрнекті үлгісі болды. Сай­лауға қатысқан 9 090 920 адам­ның 97,75%-ы дауысын Н.Ә.Назарбаевқа берді. Бүкіл халықтың осынша биік деңгейдегі сеніміне ие бола оты­рып, Нұрсұлтан Назарбаев тран­­­­зиттің күрделі мәселелерін де­мократиялы, сындарлы түрде ше­шу жолында өзі таңдап алған стратегиясын бекем ұстанды. Мұ­ның көрнекті мысалы – 1999 жыл­ғы 10 қаңтардағы сайлау нәтижесінде оның президенттік өкі­леттігі мерзімінің 1 жылға,  сон­дай-ақ 2011 жылғы 3 сәуір­дегі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы есебінен тағы 2 жылға жуық уақытқа қысқартылуы. Осылайша, дағдарысты ең­серу және басқару жүйесінің қа­лыптасу кезеңіндегі билік өкі­леттіктерінің шоғыр­ланды­рылуы Қазақстандағы либерал­дық құндылықтарды бағдар ет­кен жаңа қоғам қалып­тасуы­ның күрделі мәселелерін шешудің қажетті шарты болды. Дамудың прогрессивтік векторын батыл жақтаушы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев демократияландыру үдерісін ілгерілетуге бағытталған шараларды біртіндеп, жүйелі түр­де іске асырып отырды. Мә­се­лен, Қазақстан халқына арна­ған 1998 жылғы үндеуінде ол ел Конституциясына сайлау жүйе­сін жетілдіруге, адал және әді­лет­ті сайлау өткізуге, саяси пар­­­­тиялар рөлін арттыруға, Пар­ламент құзыретін кеңейтуге, аза­маттық қоғамды дамытуға, бас­пасөз бостандығын қамтама­сыз етуге, тәуелсіз сот жүйесін қа­­­лып­тастыруға, Үкімет  орган­да­рын­дағы әйелдер санын ұл­ғайтуға қатысты түзету енгізуді ұсынды.    width= Қабылданған «Қазақстан Республикасының Консти­туция­сына өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң ел­дің саяси институттарының одан әрі қарай дамуына серпін берді. Қазақстанның саяси тарихында бірінші рет сайлау жүйесіндегі пропорционалды өкілеттілік қағидаты енгізілді. Мәжіліс депутаттарының саны 77-ге дейін өсіп, олардың ара­сынан 10 депутат партиялық тізім бойынша сайланатын болды. Конституцияны өзгерту және Үкіметті бақылау мә­се­лелеріне қатысты Парламенттің құзыреті айтарлықтай кеңей­тілді. Соттың алқабилердің қа­тысуымен тағайындалуы тәуел­сіз сот жүйесінің маңызды теті­гіне айналды. Сонымен қатар Президент қайтыс болған не­месе доғарысқа кеткен жағдайда оның лауазымын уақытша ие­лене тұру тәртібі жөніндегі ере­же бекітіліп, мұның мынадай рет­тілік бойынша жүзеге асы­рылуы қарастырылды: Сенат Тө­рағасы – Мәжіліс Төрағасы – Премьер-Министр. Прези­дент өкілеттігінің мерзімі – 7 жыл­ға, Сенат депутатының мер­зімі – 6 жылға, ал Мәжіліс депу­татының мерзімі 5 жылға дейін ұлғайтылды. Мемлекеттіліктің қалып­тасуының мейлінше жауапты ке­зеңінде Нұрсұлтан Назарбаев­тың басшылығымен қол жеткі­зілген, елде жүзеге асырылған ре­формалардың оң нәтижелері қо­ғамда кеңінен қолдау табуы­ның арқасында 2000 жылғы 20 шіл­деде ел Парламентінің «Қа­зақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті туралы» ҚР конс­титуциялық заңын қабыл­дауына алғышарт жасалды. Қа­зақ­станның ішкі және сыртқы сая­сатының негізгі бағыттары­ның сабақтастығын, елдегі бұ­дан арғы әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық, демократиялық өзгеріс­тер­ді қамтамасыз ету мақсаты­мен депутаттар Тұңғыш Прези­дент­тің тәуелсіз жаңа мемле­кет­тің негізін салушы, Қазақстан халқының бірлігін, Конс­ти­туция­ның, адам және азаматтың құқығы мен бостандығының қор­ғалуын қамтамасыз еткен Ел­басы ретіндегі саяси-құқық­тық орнын айқындады. Тұңғыш Президентке оның бірегей тарихи миссиясына сай Қазақ­стан халқына және мемлекеттік ор­гандарға міндетті түрде қа­ралуы тиіс мәселелер бойынша бастамашылықпен үндеу арнау, Парламент алдында, Үкімет оты­рыстарында сөз сөйлеу, Қа­зақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесін басқару, Конс­титуциялық Кеңестің құ­ра­мына кіру құқығы өмір бойы­на бекітіліп берілді. Әлеуметтік-экономикалық да­мудың 2000 жылдар басында оң қарқын алуы қоғам тара­пынан жаңа сұраныстарды және ел­дің саяси жүйесіне деген та­лап­ты жандандыруға әсерін ти­гізді. Дамудың қарқынды үдерісін жете сезінген Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылы қоғамды болашақта либералдандыру және саяси реформаларды іл­герілету туралы жалпыұлттық диалогке бастамашылық етті. Бірнеше жыл бойы бұл диалог кең ауқымдағы қоғамдық-саяси күштердің, азаматтық қоғам өкілдерінің, белгілі саяси қай­рат­керлер мен сарап­шылардың, сон­дай-ақ мемлекеттік құры­лымдар өкілдерінің қатысуымен республикалық деңгейдегі ко­мис­сия  форматында өтті. Осы жұ­мыстың нәтижесінде Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назарбаев Не­гізгі Заңға тиісті өзгерістер топ­тамасын енгізді. Ел Парламенті 2007 жылғы 21 мамырда Мем­ле­кет басшысы бастамашылық еткен «ҚР Конституциясына өз­герістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заңды қабылдады. Ли­бералды саяси жаңарулар үде­рі­сімен үйлесім тапқан бұл конс­титуциялық  реформа ар­қы­лы президенттік-парламент­тік басқару формасына бағыт­тал­ған қозғалыс векторы айқын­дал­ды. Өзгерістерге сәйкес, би­лік өкілеттіктерін қайта бөлу жә­не Парламенттің рөлін арт­тыру жайы қарастырылды. Мә­жілістің Үкіметке де, әрбір ми­нистрге де сенімсіздік таныту үдерісі жеңілдетілді. Парламент Конституциялық Кеңестің, Ор­та­лық сайлау комиссиясының және Есеп комитетінің үштен екісін құрау құқығын иеленді. Пре­мьер-Министрді төменгі па­лата депутаттарының көп­шілігінің келісімімен Президент тағайындайтын болды. Сондай-ақ пропорционалды сайлау жүйе­сіне көшу конституциялық реформа арқылы белгіленді. Сенат пен Мәжіліс депутат­тары­ның саны 154 адамға дейін кө­бейді. Негізін мәслихаттар құрай­тын жергілікті өзін-өзі бас­қару жүйесі дамыды. Атап айт­қанда, жергілікті өкілді ор­гандар депутаттары өкілеттігінің мерзімі 5 жылға дейін ұлғайтыл­ды. Мәслихаттың әкімге сенім­сіз­дік таныту рәсімі жеңілдетілді. Сот жүйесі жетілдірілді, судья лауазымына ұсынылатын кан­дидаттарды іріктеу  функ­ция­сы Жоғары сот кеңесінің қа­рауына берілді. Қазақстан хал­қы Ассамблеясына конститу­циялық мәртебе беру және оның ел Парламентіндегі өкілеттілігін қамтамасыз ету арқылы бұл ор­ганды нығайту шаралары қарас­тырылды. Президенттің лауа­зымдық өкілеттігінің мерзімі бұрын­ғы 7 жылдың орнына 5 жыл болып белгіленді. Бұдан бөлек, мемлекет пен қо­ғам институттарын де­мок­ратияландыруға бағытталған нақты іс-әрекет қарастырылды. 2007 жылғы реформа Тұңғыш Пре­зидент Н.Назарбаевтың мем­­лекет негіздерін алдағы уа­қыт­та ортақ ұмтылыс нәтижесі ар­қылы нығайтуға деген саяси реа­­лизмі мен стратегиялық ұста­нымының айқын көрсет­кі­шіне айналды. 2001-2006 жылдары елде мем­лекеттік билікті орта­лық­сыздандыру және мемлекеттік биліктің кейбір функцияларын жергілікті жерлерге беру ша­ра­лары бір мезгілде жүзеге асы­рыл­ды. Сайлау туралы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілді, тө­менгі деңгейдегі әкімдерді сай­лау эксперименті жүргізілді. Оған қоса, барлық әкімдердің ха­­лық алдында есеп беру тә­жірибесі енгізілді, сондай-ақ үкі­меттік емес ұйымдарды мем­ле­кеттік әлеуметтік тапсырыс ая­­сында мемлекеттік органдар қыз­метіне тарту шаралары қа­былданды. Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жыл­ғы  28 ақпанда Қазақстан хал­қына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жол­дауын­да саяси транзиттің елі­міз­­дегі моделін қалыптастыру қа­жеттігін айтты. Оның ерек­ше­ліктері, Мемлекет басшысының пі­кірінше, мыналар: прези­дент­тік басқару формасын сақтау, реформалардың кезең-кезеңмен жүргізілуі, қабылданатын ше­шімдердің теңгерімділігі, негізгі саяси күштердің бірігуі. Қазақстандағы саяси ре­фор­малар барысы көрсеткендей, пре­­зиденттік институт жаңа­ру­лар­дың бастамашысы және іске асырушысы ретінде бұл үдерісте маңызды рөл атқарды. Қолда­ныс­тағы Конституцияның 15 жыл­дығына арналған «Конс­ти­туция – мемлекеттің демок­ра­тия­лық дамуының негізі» атты ха­лықаралық ғылыми-практи­калық конференцияда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Қазақстанда халық­тың абсолютті қолдауымен пәр­менді президенттік билік ор­нық­ты. Мемлекеттіліктің қа­лып­­тасуы, әлеуметтік, эко­но­ми­калық және саяси жаңғыру  жағдайында жоғары биліктің әлсіз болуға қақы жоқ. Пост­кеңес­тік кеңістіктегі көптеген ел­дер­дің мемлекет құрудағы сәт­сіз тәжірибелері соны көр­сет­ті. Қазақстанда конституция­лық дамудың 15 жылы ішінде бір­де-бір саяси дағдарыс болған емес. Барлық мәселе біртұтас мем­лекеттік билік тармақтары­ның өзара әрекеттестігі туралы конс­титуциялық ережелер негі­зінде шешіліп отырды». Одан кейінгі жылдары да Қа­зақстан қоғамын реформалау үде­­рісі  өзінің үдемелі түрде да­муын жалғастырды. Нұр­сұлтан Назарбаев 2015 жылғы наурызда мем­лекеттік аппаратты жаң­ғыр­туға, заңның үстемдігін қам­та­масыз етуге, экономиканы ин­дус­т­рияландыру мен әрта­рап­тан­дыруға, қазақстандық біре­гей­лікті нығайтуға және транс­парентті әрі есепті мемлекет қа­лыптастыруға бағытталған бес инс­титуционалдық реформа бағ­­дарламасын жария етті. Атал­­ған мақсаттарға қол жеткізу ар­қылы кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, Президенттен билік өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке бөліп беру қарас­ты­­рылатын келесі консти­туция­лық реформаға жол ашылатын еді. 2017 жылғы 11 қаңтарда өкі­леттіктерді билік тармақтары ара­сында қайта бөлу мәселелері жө­ніндегі жұмыс тобы құрылды. Конс­титуциялық түзетулер жо­басын талқылау жалпыхалықтық си­пат алып, оған 2 миллиондай адам атсалысты. Конституция бап­тарының үштен екісіне қа­тысты алты мың ұсыныс түсті. Осылайша, 2017 жылғы 6 нау­рызда Парламент қабылдап, ал одан кейін 2017 жылғы 10 нау­рызда Президент Н.Назарбаев қол қойған «ҚР Конс­титуция­сы­на өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы» заң бойынша Конституцияның 25-бабына түзету енгізілді. Қазақстан терең саяси жаңғыру кезеңіне қадам бас­ты. Конституциялық рефор­ма мемлекет істеріндегі және Үкі­метті жасақтаудағы Пар­ла­менттің рөлін айтарлықтай кү­шейтті. Үкіметке экономиканы бас­қару өкілеттігі берілді, сол ар­­қылы ол өз дербестігінің едәуір ауқымды дәрежесіне ие болды. Құқық қорғау саласы мен сот жүйесінің конституция­лық негізі жаңғыртылды. Конс­титуциялық бақылау жүйесі нығайтылды. Президенттің құзы­рынан заңдарды, заң күші бар Жарлықтарды шығару өкі­леттіктері алынып тасталып, Үкі­мет пен Премьер-Министр­дің актілерін кері қайтару және тоқтата тұру құқығы жойылды. Бұдан бөлек, Парламент құ­зыретінің кеңейтілуі саяси пар­тиялар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Жаңа өзгерістер саяси жүйе­ге ауқымды демократиялық сипат дарытып, теңгерімділікті күшейтті, пәрменді президенттік билік сақталған жағдайдағы мемлекеттік биліктің икемділігі мен тиімділігін арттырды. Осы­лайша, 2017 жылғы қаңтар-нау­рызда саяси жаңғырудың қа­зақстандық моделі жүзеге асы­рылды, сөйтіп елдің одан әрі қа­рай дамуы үшін қажетті жағ­дай жасалды. Жалпы алғанда, Қазақстанда жаңа саяси жүйенің қалыптасуы мен дамуының үдерісі, оның жаң­ғыртылуы, жаңарулар үдері­сіндегі нақты жағдайға және уа­қыт талабына бейімделуі Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен әрі оның тікелей қа­тысуы арқылы жүзеге асты. Құ­рылған президенттік инс­титут саяси тұрақтылықтың жүйе қалыптастырушы фак­то­рына, мемлекеттіліктің өзекті тіре­гіне, сондай-ақ елдегі жүйелі ре­формалардың негізгі драй­веріне айналды. Әкімшілік-мем­лекеттік басқарудың айқын мем­лекеттік билік вертикалы бар, сондай-ақ жауапты да жи­на­қы Үкіметті, кәсіби  Пар­ла­ментті, тәуелсіз сотты, өңір­лер­дегі өзін-өзі басқарудың ат­қарушы құрылымдарын қам­ти­тын оңтайлы моделі қалыптас­тырылды. Осының барлығы би­ліктің біртұтас әрі жүйелі мем­лекеттік тетігін құрады. Мұндай модель билік тар­мақ­тарының сындарлы өзара әре­кеттестігіне мүмкіндік туды­рып, бірқатар посткеңестік мем­лекетте орын алған саяси дағ­дарыстан аман өтуге, нарықтық эко­номика мен демократиялану үдерісінің ілгерілеуі жолында Қазақстанның біртіндеп, жүйелі түрде дамуын қамтамасыз етуге септігін тигізді. 2019 жылғы 19 наурызда пре­зиденттік өкілеттігін тоқтату жө­нінде шешім қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жо­ғары билік транзитін қам­тама­сыз етуге қажетті жағдай жасады. Конституцияға сәйкес жүзеге асырылған осы қадамы арқылы ол тағы да Қазақстанның демок­ра­тиялық даму векторының бе­рік жақтаушысы екенін дәлел­деді.  Негізгі Заңға сәйкес, Пар­ламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт кемелұлы Тоқаев мемлекет билігін қолға ал­ды. 2019 жылғы маусымда өт­кен демок­ра­тиялық сайлауда Қа­зақ­стан халқы Нұрсұлтан  Назарбаевтың жа­қын серіктесі, тәжірибелі мем­ле­кет қайраткері, халықаралық қо­­ғам­дастыққа кеңінен танымал әрі бе­делді Қасым-Жомарт Тоқаевты ел Пре­зи­­денті етіп сайлады. Жаңадан сайланған Пре­зи­дент өзін Елбасының Қа­зақ­стан­ды одан әрі жаңғыртудағы стра­те­гиялық бағдарын жүйелі түрде жал­ғастырушы ретінде көр­сете білді. Мән-мазмұнға жә­н­е со­ны­мен бірге ілкімді істерге толы 1 жылдың ішінде Мемлекет бас­шысы елді дамудың жаңа беле­сіне бастайтын саяси, әлеу­мет­тік-экономикалық жаңару­лар­ды ілгерілету бағытында ау­қымды жұмыс жүргізді. Ел Президенті ұстамдылық, байып­тылық, табандылық таны­та отырып, Қазақстанды ілгерілеу және өсіп-өркендеу жолымен ба­тыл алға бастап келеді. Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы