Қиындықтан құтқаратын – сенім

Қиындықтан құтқаратын – сенім

Қиындықтан құтқаратын – сенім
ашық дереккөзі
477
Қытайда пайда болған індеттің бірнеше айдың ішінде көптеген мемлекетке тарап, дүние жүзі халықтарының үрейін ұшырып отырғаны баршаға мәлім. Оның қалай пайда болғаны және оған қандай емнің шипа болатыны әзірге белгісіз болып тұр. Сол себепті барша елдің ғалымдары шарқ ұрып індеттің емін іздестіріп, ал атқарушы билік  болса оның салдарынан туындаған мәселенің шеңберінен шығудың жолдарын іздестіруде. Әрине, бұл да Алланың жалпыға жі­берген бір сынағы. Дегенмен мұ­ны дұрыс түсінбеген кейбір азамат­тар бойын үрейге алдырып, сары уайым­­ға салынуда, ал кейбіреулер бол­са керісінше бейқамдық танытып жай­барақат жүріп, өздерін жұқпалы ін­детке шалдықтырып алуы, сөйтіп өз өмір­леріне қауіп төндіруі мүмкін. Негі­зін­де, ата дініміз мұндай жағдайдан сақ­тануға нұсқау береді. Бұл туралы «Ниса» сүресінің 29-аятында «сендер өз­де­ріңді өлтірмеңдер, әлбетте, Алла сендерге ерекше мейірімді» деп ескерту айтылған. Қайсыбір дертке медициналық дәрі-дәрмектер арқылы, сол сияқ­ты Құран мен хадистерге негіз­дел­ген ізгі дұғалар көмегімен шипа алуға бо­лады. Асыл дініміздегі дертке дауа бо­лар сондай дұғаларды Бекасыл Би­болатұлының «Зикзал» атты еңбегінен та­басыз. Тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың қымбат жауһар­ларының біріне саналатын бұл құн­ды шығармада өмір тылсымдарының сыр­лары мен құпияларын ашатын, адам­ның күнделікті өміріне керекті пай­далы кеңестер, адам дертіне дауа бола­тын үш жүзден астам дұға және бас­қа да ғылыми мәліметтер мен тұ­жы­рымдар бар. Мәселен «Зикзалдың» 237 бе­тін­де былай деп жазылған: «Ке­зін­де Қашғар өңірінде оба ауруы тарап, күн сайын қаладан бес жүздей адам­ның мәйіті шығарылатындай жағдай­ға жетті. Қашғардың ғұламалары бұл жағ­дайдың шешімін таба алмай, қан­дай амал жасауды білмей, әбден бас­та­ры қатып дал болды. Содан бұл ха­бар Балх ғұламаларына жетіп, олар бұл аурудың емделу жолы ретінде мына бір сегіз аятты көрсетіп: «Бұларды жазып, адамдар үйлерінің қақпалары мен есік­теріне байлап қойсын», – деп, Қаш­ғар ғұламаларына хабар жіберіпті. Сосын Қашғар ғұламалары Балх ғұламаларының бұл нұсқауын орын­дағаннан соң ел індеттен арыл­ған екен. Өйткені аталған соңғы аят­тағы «(Біз) Құраннан мүміндер үшін ши­па және рақмет болатын нәрселерді түсіреміз» дегені – Құран аяттары бар­лық дертке шипа болады дегенді аң­ғар­тады, тек оларды өз орнында дұрыс пайдалануды білу қажет. Ал оларды қа­лай дұрыс пайдалану керек екенді­гі­нің жөн-жорығын Бекасыл Бибо­лат­ұлы сияқты дарынды ғұламалар өз еңбектерінде түсіндіріп кеткен. Мен өз өмірімнің біраз жылын Құран Кәрім мағыналарына тәп­сір жазу ісіне, сосын Бекасыл Бибо­латұлының «Зикзалын» қазақшаға ау­даруға арнаған болатынмын. Сон­дықтан бұл еңбектегі дұғалардың бар­лығы Құран аяттары мен хазіреті Пай­ғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисте­ріне негізделген деп айта аламын. Сондай-ақ Қазақ Ұлттық ме­ди­цина университетінің И.Құл­ман­бетов, Р.Құлманбетов және Д.Ка­рас­кова деген бір топ ғалымдары өз­де­рінің «Бекасыл Биболатұлының ме­ди­циналық канондары» деген мақа­ла­сында (Вестник КазНМУ №1-2019) Бекасыл Биболатұлының «Зикзалын» кли­никалық медицина мен фарма­ко­логия саласындағы медициналық эн­циклопедиялық ғылыми еңбек деп бағалаған. Аталған шығармада барлық ауруға қатысты дәрігерлік нұсқалар жа­зылғанын айта келе, олардың іші­нен бірнешеуін арнайы көрсетіп: «Ал­лаға сенім білдіруші адамдар депрессия мен стресске аз шалдығады және мұн­дай жағдайлар туындаған кезде, олар бұл кезеңнен әлдеқайда жылдам шы­ғады» деп тұжырым жасаған. Коронавирус індеті пайда бол­ған доңыз жылы мен үстіміздегі тышқан жылының ерекшеліктеріне ке­летін болсақ, «Зикзалдың» негізгі бө­лімі болып табылатын «Палнама», яғни «Жорамал ілімі» деп аталатын бөлімінде Наурыз жорамалы жайлы тарау бар. Онда Бекасыл ғұлама доңыз жы­лы туралы былай деп жазыпты: «Егер доңыз жылы кірсе, мұндай жыл­дың қысы қатты болады. Қар өте қа­лың жауады. Ыстығы көтерілу, шаншу қадалу, жөтел аурулары көп болады. Жас балалардың арасында шешек ауруы етек алады. Ол жылы адамдар өз мекендерінен басқа жерлерге көшумен әуре болады. Қысқы шілдеде суықтан сақтану үшін қорғанға кіру қажет. Ал жазғы шілдеде тауларға шығу керек. Бірақ ары-бері көшкенде қарақ­шы­ларға кезігуі мүмкін. Сөйтіп сайман­дарынан айырылып қалуы, малын алдырып қоюы, семірткен атынан айырылып қалуы мүмкін. Мұндай жылдары айла-амалмен адамдарды қор­қытып, малын алып қою көп болар. Бұл жылы арпа мен тары кем болады. Ал басқа нығметтердің түрлері дұрыс бо­лады. Мұндай жылдары су тапшы бо­лады. Жаз айлары жылдам өтеді, ал қыс мезгілі ұзаққа созылады. Содан көш­пенді елдерге ауырлық түседі. Мұ­сыл­мандардың ахуалы мардымсыз бо­лады». Осы жорамалда айтылған жағ­дай­лар мен оқиғалар өткен доңыз жылы біздің елімізде де, шетелде де орын алғаны белгілі. Мысалы, қар­дың қалың түсуі, короновирустың шы­ғуы, Австралиядағы өрт, Европаның есін шығарған катаклизмдер мен миг­ранттар проблемасы, судың тап­шы­лығы, еліміздің кейбір аймақтарында егін­нің өнім бермегені, Иран, Сирия жә­не басқа да араб мемлекеттеріндегі орын алып отырған текетірес жағ­дайлар және т.б. Енді, келіп жеткен тышқан жы­лы­ның жорамалымен таны­сайық: «Егер тышқан жылы келсе, ол жыл­дың қысы құрғақ болады, ал жазы жауын-шашынды болып келеді. Ол жы­лы шөп қалың болып өседі. Ел ішін­де мамыражай, кеңшілік орнығады. Дәруіштер мен пақыр, кемтарлардың жағ­дайлары да жақсы болғай. Күн­ба­тыс жақтарда жаңбыр аздау болады. Пат­ша мен бек, мырзаларға қамығу көп болады. Қыстың соңында қарт тыш­қан қалады. Баға төмен түседі». Осы жорамалға зер салып қа­рай­тын болсақ, тышқан жы­лының жайлы келетінін, жалпы адам­затқа, оның ішінде кедейлерге, па­қыр­лар мен кемтарларға жайлы бола­ты­нын байқауға болады. Сондықтан адам­зат қазіргі қиыншылықтардан аман-есен өтеді деп болжауға болады. Біз­дің елімізде де, шетелде де қа­был­да­нып жатқан шешімдер мен өткізіліп жат­қан іс-шаралар, төтенше жағдай­лар, қалалардың карантинге жабылуы, барлығы адамзатты қаптап бара жат­қан індеттен аман алып қалу үшін жа­салып жатқандығы белгілі. Дегенмен мұн­дай кездегі қиындықтан билік ба­сындағы басшыларға оңайға соқ­пай­тыны анық. Сондықтан мұндай ке­зең­де жаппай халық болып оларды қол­дап, шешімдері мен нұсқауларын мұ­қият орындау қажет болады. Бұған Пай­ғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Оба шық­қан жерге бармаңдар, егер оба шыққан жер­де болсаңдар, ол жерден басқа жақ­қа кетпеңдер» деген нұсқау дәлел бо­лады. Яғни «Оба шыққан жерге бар­мау» және «оба шыққан жерден басқа жақ­қа кетпеу» деген сөзден карантин жағ­дайының мағынасы шығып тұр­ғанын аңғаруымыз қажет. Сондықтан бас­шылардың нұсқауларын орын- дау – әлемді дүрліктірген індеттің өзі­нен де, оның салдарынан да тезірек құ­тылудың бірден-бір жолы деп түсіну ке­рек. Сол себепті барлық отандас­тарым­ды орынсыз үрейден арылып, сабырлыққа жұмылуға және мейірімді де рақымшыл Алланың жақсылығынан үміт етуге шақырамын. Тек осындай сенім ғана бізді қиын-қыспақ кезеңнен абыроймен шығуымызға жарқын жол ашады. Зәріпбай ОРАЗБАЙ ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, аудармашы

Серіктес жаңалықтары