Мьянмада кеншілер салмағы 11 мың карат болатын алып рубин тапты. Бұл – ел тарихындағы көлемі жағынан екінші ірі асыл тас. Табылған рубин елдегі әскери қақтығыстар жүріп жатқан аймақта анықталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, кеншілер жаңа рубин кен орнын сәуірдегі Жаңа жылдан кейін тапқан. Мамандардың айтуынша, жаңа табылған тас көлемі жағынан бұрынғы рекордшыдан кіші болғанымен, сапасы әлдеқайда жоғары бағаланған.
Асыл тастың түсі күлгін-қызыл реңкті, сарылау реңі бар. Сонымен қатар оның мөлдірлігі орташа және шыны тәрізді жылтыры байқалады.
Бұған дейін Мьянмада табылған ең үлкен рубиннің салмағы 4 290 грамм болған. Ал жаңа табылған тастың салмағы шамамен екі есе аз болғанымен, сарапшылар оның сапасын ерекше атап өтті.
Рубин Могок аймағында табылған. Бұл өңірде 2021 жылдан бері жалғасып жатқан азаматтық қақтығыстар жүріп жатыр. Соған қарамастан дәл осы аймақта әлемдегі рубин қорының шамамен 90%-ы өндіріледі.
Мьянма рубиндері қанық түсіне байланысты «көгершін қаны» деп аталады. Асыл тастар елдегі қарулы топтар үшін негізгі табыс көздерінің бірі саналады.
Global New Light of Myanmar басылымының жазуынша, бағалы тас кейін ел астанасындағы президент кеңсесінде суретке түсірілген.