373
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқас тіркелді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 наурыз сағат 23:50-дегі жағдай бойынша, Алматыда бір адам коронавирус жұқтырған.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.