Сыртқы фактордың әсері қаншалықты?

Сыртқы фактордың әсері қаншалықты?

Сыртқы фактордың әсері қаншалықты?
ашық дереккөзі
256
«Еуразия әлемі» пікір-сайыс клубының бұл жолғы отырысы «Сыртқы фактор: мұнай бағасының құлдырауы және валюта бағамының тұрақсыздануы экономикалық ахуалға қалай әсер етті?» деген тақырып аясында өтті. Жиынның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаев қазіргі күнгі жаһандық жағдай еуразиялық одақтың кеңістігіндегі елдердің дамуына кедергі келтіріп отырғанын айтты. «Қара алтын» бағасының арзандауы соншалықты хаостық жағдай емес еді. Көптеген мемлекет мұндай жағдайда бейімделе алды. Оның ішінде мұнайға тәуелді емес мемлекеттердің көпшілігі «қара алтын» бағасының құбылуынан аман-есен өтті. Есесіне, шикізатты сыртқа тасымалдайтын экспортер елдер бірден-ақ дабыраға бой алдырып алды. Мәселе неде? Мұнайға тәуелді мемлекеттер әлі де болса осы тәуелділіктен құтылудың жолын тапқан жоқ. Жасалмақ жобалар әлі де жүзеге асқан жоқ. Демек, бейімделу процесі де жүргізілмей жатыр деген сөз», – деді ол. Экономист Айдархан Құсайыновтың айтуынша,  мұнай, валюта бағамы туралы болжам жасағанда Қазақстан мен Ресейді салыстырған дұрыс емес. «Иә, қос мемлекет те мұнай экспорттаушы елге жатады, алайда іс жүзінде екі мемлекеттің экономикасы екі бөлек. Мысалға, Қазақстанда мұнайдың ішкі тұтынуы нарығы 10 пайызды құрайды, ал өзгесін біз сыртқа, яғни, экспортқа шығарамыз. Ресейде керісінше, 80 пайыз ішкі тұтыну, тек 20 пайызы ғана экспортқа шығарылады. Ендеше бағамдай беріңіз, мұнай бағасының қай мемлекетте қатты әсер етіп отырғанын...», – деді Құсайынов. Өз кезегінде экономист Сергей Смирнов доллар бағамына байланысты елімізде мұнай өңдеу көлемі де кеміп отырғанын тілге тиек етті. «Биылғы жылғы болжам мынадай: мұнай баррелі 40 долларды құраған жағдайда 77 млн тонна қара алтын өндіреміз. Ал баррель бағасы 30 доллардың төңірегінде болғанда 73 млн тонн мұнай өндіретін боламыз», – деді ол. Ал отырысты түйіндеген Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері Андрей Хан: «Дәл қазір жоғары жақтағылар айтып жүрген, «бұл дағдарыс өтпелі, сәл күте тұрсақ, шыдап кетсек бәрі де жақсы болады» деген пікірдің қисыны жоқ сияқты. Біз күте алмаймыз. Себебі, қазірдің өзінде бүгінгі жағдайға үлкен алаңдаушылық бар. Біз, біздің мемлекет мұнай бағасының құбылуы себепті бюджеттің өзін бекіте алмай отыр» деген пікірін білдірді.  

Динара Мыңжасарқызы

 

Серіктес жаңалықтары