Соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда 169 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда 169 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда 169 адам коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда 169 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Елде жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 1 146-ға жетті. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады.  Агенттіктің дерегінше, Оңтүстік Кореяда коронавирустан 11 адам қайтыс болды, оның ішінде бауырды ауыстыру үшін ауруханаға жатқызылған 36 жастағы Моңғолия азаматы бар. Індеттің 80 пайызға жуығы коронавирустың негізгі таралу ошағы – оңтүстік-шығыста орналасқан Тэгу қаласындағы діни секта мен көршілес Чхонда уезіндегі емханада тіркелді. 169 жаңа оқиғаның 153-і Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде орналасқан Тэгу қаласы мен көршілес Солтүстік Кенсанда тіркеліп отыр. Барлық ірі провинциялар мен қалалар инфекция жұқтырған адамдардың бар екені туралы хабар берді. Оңтүстік Корея астанасы Сеулде тағы төрт адам вирус жұқтырды. Мұндай мәліметті Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (KCDC) ұсынды. KCDC дерегі бойынша, Оңтүстік Кореяда ауқымы жағынан екінші орын алатын Пусанда тағы 8 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Елдегі халық ең тығыз орналасқан Кенгидо провинциясында бір адам індет жұқтырған. Еске сала кетейік, жексенбі күні ел билігі коронавирусқа байланысты қауіптілік қызыл деңгейін жариялаған. Содан бастап денсаулық сақтау органдары вирус ошағы - Тэгу қаласы мен Солтүстік Кенсан провинциясында індеттің таралуын тоқтатуға баса назар аударды.