Қазақ боксшысы әлемдік чемпиондарды жекпе-жекке шақырды

Қазақ боксшысы әлемдік чемпиондарды жекпе-жекке шақырды

Қазақ боксшысы әлемдік чемпиондарды жекпе-жекке шақырды
ашық дереккөзі
Cпорттық мәнсабында ешкімнен жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) өз салмағындағы әлемдік чемпиондарды жекпе-жекке шақырды, – деп жазды Prosports.kz. Жәнібек твиттердегі парақшасына жариялаған жаттығуының видеосына: «Маған чемпиондық титул керек. Қайдасыңдар, чемпиондар? Егер жұдырықтасқыларың келмесе, маған белбеуімді беріңдер», – деп жазба қалдырған. Бұған дейін спортшы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырған болатын. Сондай-ақ WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарло мен WBA чемпионы Сауль Альвареспен де кездесуге дайын екенін айтқан еді.