43 өлшемді аяқ киім киген талапкер смартфонды ҰБТ-ға жасырын алып өтпек болған

/
43 өлшемді аяқ киім киген талапкер смартфонды ҰБТ-ға жасырын алып өтпек болған
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылар тыйым салынған құрылғыларды жасырып кіргізудің түрлі тәсілін қолданған. Биыл талапкерлердің бірі смартфонды үлкен өлшемді аяқ киімінің ішіне жасырып өтпек болған, деп хабарлайды Kazinform.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, талапкерлер жыл сайын телефон мен басқа да электронды құрылғыларды тексеруден өткізбей алып кірудің жаңа амалдарын ойлап табады.

Биылғы тестілеу кезінде смарт-көзілдірікпен кіруге әрекет жасаған талапкер анықталған. Сондай-ақ смартфонды шашқа тағатын резеңкенің ішіне жасырып әкелмек болған жағдай да тіркелді.

Ең ерекше оқиғалардың бірі бойы аласа талапкерге қатысты болған. Ол тестілеу орталығына 43 өлшемді аяқ киім киіп келген.

Қызметкерлер тексеру барысында аяқ киімнің ішінен жасырылған смартфонды тапқан.

Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері талапкерлерді академиялық адалдық талаптарын сақтауға шақырды. Сондай-ақ ҰБТ тапсыру кезінде телефон, смарт-құрылғы және басқа да тыйым салынған заттарды алып келмеу қажеттігін ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар