Шымкентте 200 мың теңгеге бәстескен екі жас жігіт қаланың қақ ортасында шу шығарды (ВИДЕО)

/
Шымкентте 200 мың теңгеге бәстескен екі жас жігіт қаланың қақ ортасында шу шығарды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Шымкентте 200 мың теңгеге бәстесіп, қала көшелерінде қауіпті жарыс ұйымдастырған екі жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олардың әрқайсысы жеті тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазбаны мониторинг барысында анықтаған.

Кадрларда екі жүргізушінің көлік қозғалысы кезінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып, қауіпті маневрлер жасағаны көрінеді. Олар жолда бірнеше рет авариялық жағдай туғызып, өзге жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Тексеру кезінде жарысқа қатысушылардың бірінде көлік жүргізу құқығы болмағаны да анықталды.

Полицияның хабарлауынша, жастардың мұндай әрекетке баруына 200 мың теңгелік бәстесу себеп болған. Олар жарыста жеңіп, әлеуметтік желіге әсерлі видео жариялауды көздеген.

"Ұтысқа жетіп, әсерлі бейнежазба түсірмек болған жастар қала көшелерін жарыс алаңына айналдырған", – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық бұзушыларға жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар олардың әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланып, сот екі жігітті де жеті тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар