10 Ақпан, 20:22 656 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Елімізде жиырма шақты ЖОО жабылуы мүмкін

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЖОО Ассоциациялар президенті Рахман Алшанов еліміздегі 130 Жоғарғы оқу орындарының саны қысқаруы мүмкін екенін айтты.

ҚазАқпараттың жазуынша, ЖОО қатары азайғанымен, студенттер саны қысқармайды.

«Мәселен, жыл сайын машина жасау мамандығына 1000 грант береді, ал керегі 200 болуы мүмкін. Бұл жерде бәрі қандай мамандық қажет екеніне байланысты. Әр саланың ерекшелігін, сұранысқа ие екенін ескере келе, 130 ЖОО-ның 15-20-сы қысқаруы немесе жабылуы мүмкін», – деді Рахман Алшанов.

Ал ЖОО Ректорлар кеңесі төрағасы Ерлан Сыдықов бұл орайда студенттер саны қысқармайтынын айтты.

«Студенттер саны қысқармайды. Жоғары білім алуға ынталы азаматтардың көп болуы еліміздің болашағы үшін маңызды. Ежелден қазақ қоғамында баласын оқытуға, оның білімін шыңдауға ниет жоғары болған. Сондықтан бұл жерде студенттерді қысқарту мәселесі жоқ. Біз тек талапқа сай емес жоғары оқу орындарын қысқарту бойынша ұсыныстар беруіміз шарт», – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар