Иран тарихында Олимпиада чемпионы атанған жалғыз қыз елден біржола кетті

Иран тарихында Олимпиада чемпионы атанған жалғыз қыз елден біржола кетті

Иран тарихында Олимпиада чемпионы атанған жалғыз қыз елден біржола кетті
ашық дереккөзі

Иран тарихында Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған жалғыз спортшы қыз елден саяси себептермен кетіп қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы  Радио Свобода хабарлады. 

21 жастағы Кимия Ализаде 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында тхэквондодан қола жүлде алған.

Ол өзінің шешімі жайлы Instagram желісінде жариялады.

"Неден бастауыма болады? Сәлемдесуден бе, қоштасудан ба әлде көңіл айтудан ба?",- деп жазды спортшы.

Ализаде өзін "Иранда қаналған миллиондаған әйелдің бірі" деп есептейді. Бойжеткеннің сөзінше, ол Иранды әлемдік аренада таныстырғанда еркіндік сезіне алмаған.

"Мен үнемі маған көрсеткен сөздерді қайталап, бұйырған киімді киюге мәжбүр болдым. Біз тек құралмыз. Тек жүлдеміз ғана бағаланады. Себебі, ол саяси мақсаттарда пайдаланылады", - дейді ол.

Спортшының сөзінше, ол қауіпсіз жерде бақытты өмір сүріп, тэквондомен айналысқысы келеді.

"Мен үйде үстел басында өтірікпен, жалғандықпен және әділетсіздікпен отырғым келмейді", - деген Кимия бұл шешімді қабылдау Олимпиадада жүлде алудан да ауыр болғанын атап өтті.

Спортшы енді қай елдің намысын қорғайтыны белгісіз. Осыған дейін оның Нидерландыда жаттығып жүргені жайлы айтылған еді. Ализаденің көшіп кеткені туралы сыбыс бірнеше күн бұрын тараған. Енді оны спортшының өзі де растап отыр.